Балалар бақытқа кенелген күн

??

Жаңа жыл қарсаңында әр адам кішкентай болса да ғажайып сәтті сезінгісі келеді. Егер біздің біреуге қуаныш сәттерін сыйлай алатын мүмкіндігіміз болса, оны міндетті түрде жасауымыз керек. Әсіресе, бұл денсаулығы дімкәс балаларға қатысты.
Төтенше жағдайлар департаменті және оның ведомстволық бағынысты бөлімшелерінің қызметкерлері тұрақты түрде қайырымдылық іс-шараларын өткізеді. Құтқарушылар көмек пен қолдауды қажет ететін барлық жандарды назардан тыс қалдырмауға тырысады.
Жаңа жыл қарсаңында өрт сөндірушілер мен құтқарушылар тұрмысы төмен отбасылардағы мүгедек балаларға көмектесуге, қуаныш сыйлауға, өз баласының өмірі мен бақытты болу құқығы үшін күресіп жүрген ата-аналарға қолдау көрсетуге бел буып, дімкәс балалар тұратын орындарға барып, оларға тәттілері бар түрлі-түсті рюкзактар, сыйлықтар табыс етті.

Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*