Екібастұздықтар ерледі

Жуырда Павлодар облысы ТЖ департаменті бастығының кубогі үшін волейболдан турнир өтті.
Жарысқа Төтенше жағдайлар департаментінің аппараты, Павлодар қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы, Екібастұз гарнизоны, Ақсу гарнизоны, аудандық төтенше жағдайлар бөлімдерінің қызметкерлері, «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ басқарма аппаратының командалары қатысты. Турнир облыс орталығының №2 Мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебінің залында өтті.
Ережеге сәйкес, турнирге қатысуға белгіленген үлгідегі өтінім берген және дәрігердің мөрімен расталған командалар жіберілді.
Жарыс қорытындысы бойынша 1-орынды Екібастұз қаласының №14 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі, 2-орынды Ақсу құрамасы, 3-орынды аудандық бөлімшелер иеленді.
Жеңімпаздарға Кубок және грамоталар табысталды.

Павлодар облысы ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*