Талапты балалардың табандылығы

Жаңа жыл қарсаңында Қостанай облысының білім беру мекемелерінде «Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою» және «Дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету» тақырыптары бойынша жарыстар мен эстафеталар өтті.
Осы күндері мектептер спорттық жарыстарға арналған қызу алаңға айналды. Онда күш, шыдамдылық пен жылдамдық тексерілді. Дәстүрлі турнирге облыстың жалпы білім беретін әртүрлі деңгейдегі мектептерінің оқушылары жиналды.
Жарысқа қатысушыларға «Кедергілер жолағы», «Дабыл бойынша шығу», «Жауынгерлік қанат жаю», «Дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету» және т.б. кезеңдерден өту дағдылары мен шеберліктерін көрсету қажет болды.
Департамент қызметкерлері атап өткендей, балалар осы іс-шараларға белсене қатысып, практикалық және теориялық дағдыларын көрсетіп, мінез-құлық, шыдамдылық және командалық рухты паш етті. Балалардың өздерін нағыз құтқарушы ретінде сезінгендері көрініп тұрды.
Қазылар алқасы бірінші кезекте жарыстың барлық кезеңдерінде тапсырмалардың орындалу сапасы мен жылдамдықты бағалады. Барлық спорттық жарыста балалар жеңіске жету жолында ептілік пен табандылық танытты.
Сайыс қорытындысы бойынша үздік оқушылар мен командалар грамоталармен марапатталды.

О. СТРАШНАЯ, Қостанай облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*