Өрт сөндіру бекеті ашылды

Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы Қайранкөл ауылында тұрғындар қауіпсіздігінің сенімді бастионы болатын өрт сөндіру бекеті салтанатты түрде ашылды.
«Атамекен-Агро» ЖШС басшылығы әлеуметтік серіктестік саясатын басшылыққа ала отырып, бекетті ашуға қажетті көмек көрсетті. Осындай маңызды тапсырманы қысқа мерзімде шешу мүмкін болды: талапқа сәйкес бекеттің ғимараты табылып, станционарлық телефон байланысы орнатылды, өрт сөндіру бойынша бірінші кезектегі шаралар үшін бейімделген МТЗ-80 техник-тракторы мен су таратқышы толық жауынгерлік дайындыққа келтірілді.
Ашылу рәсіміне Жамбыл ауданы әкімдігінің азаматтық қорғау бас маманы Ж. Тайкенов, Қайранкөл ауылдық округінің әкімі Қ. Амантаев, Жамбыл ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін атқарушы, азаматтық қорғау майоры А. Мусин, облыстық ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ Пресновка ауылының №11 өрт сөндіру бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Ж. Сейпілов, сондай-ақ, «Атамекен-Агро» ЖШС өкілдері қатысты.
Құттықтау сөзінде олар бекеттің елді мекендерді өрт және ТЖ-дан сенімді қорғауды қамтамасыз етеріне сенім білдірді, сондай-ақ, қатысушыларды аудан өміріндегі осындай маңызды оқиғамен құттықтады.

Жанат СЕЙПІЛОВ, Солтүстік Қазақстан облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*