Құжатты уақытылы ауыстыру керек

Ішкі істер министрлігі құжатты уақытылы ауыстыру туралы азаматтарды ескертеді.
Қазақстанда ақпаратты электронды тасымалдаушы (чипі бар) жеке тұлғаны куәландыратын биометриялық құжат 2009 жылдан бастап беріле бастады.
Халықаралық стандарттарға сәйкес олардың жарамдылық мерзімі 10 жыл, келесі жылы аяқталады. Осыған байланысты ІІМ құжатты уақтылы ауыстыру туралы азаматтарды ескертеді. Құжатты республика аумағындағы кез келген ХҚКО-да (бұрынғы аумақтық қағидат бойынша) ресімдеуге болады.
Сонымен қатар, ескі үлгідегі құжатты жаңаға айырбастауды (түрін өзгерту жаңа технологияда әзірлеуге сәйкес) ХҚКО-ға бармастан жүзеге асыруға болады, ол үшін «электронды үкімет порталы» арқылы сұрау жіберу қажет (3,5х4,5 см. цифрлі фото сурет пен сканерленген жеке қолы графикалық файл түрінде электронды сауалхатпен бірге жолданады).
Қолайлы болу үшін бұрынғы құжаттың жарамдылық мерзімінің аяқталуына дейін бір ай қалғанда аталған құжаттарды ресімдеуге болады.

ІІМ баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*