Конфедерация кубогы – Маңғыстауда

Маңғыстау облысы бокстан Конфедерация кубогын жеңіп алды.
Бокстан финалдық бәсекеде Түркістан облысы мен Маңғыстау облысы кездескен болатын. Өте тартысты өткен кездесуде 5:4 есебімен Маңғыстау облысы жеңіске жетті.
Кездесудің негізгі уақыты 4:4 есебімен тең аяқталды. Түркістан облысы сапынан С. Бибосынов, Қ. Ерәлиев, Н. Райыс, Б. Нұрмағамбеттер жеңіске жетті. Маңғыстаулық боксшылар қатарынан С. Толтаев, М. Өскенбек, Б. Нұрдәулетов, А. Дәуренұлы қарсыластарына дес бермеді.
Қосымша жекпе-жекте маңғыстаулық Б. Жедібаев намысқа тырысып, өз командасына жеңіс әперді. Осылайша, бірінші орынды Маңғыстау, екінші орынды Түркістан облысы иеленді. Үшінші сатыда Қарағанды облысы мен Астана қаласы боксшылары.

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*