Супер кубок сыны

Жамбыл облысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27 жылдығына орай спорт мектептері, мемлекеттік мекемелер, күштік және құқық қорғау құрылымдары арасында кроссфит бойынша Супер кубок жарысы өтті.
Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру қызметінің
Өрт-құтқару спорты командасы осы жарыста өз күштерін сынап көрді.
Жарыс барысында қатысушылар 2 кезеңде әртүрлі жаттығуларды орындады. Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру қызметі командасы осы жарысты абыроймен өтіп, өздерінің шеберліктерін көрсете отырып, 2-ші жүлделі орынға ие болды.
Жеңімпаздар медальдармен, кубоктармен, мадақтамалармен марапатталды.

Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*