Арманы – Олимпиада ойындары

Ақтөбелік тәртіп сақшысы, Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ сарбазы Әлібек Ідріс каратэ-додан 27-шы ұлттық чемпионатта күміс жүлдені жеңіп алды.
Ақтөбеде Жекпе-жек сарайында каратэден ҚР ұлттық чемионаты өтіп, оған еліміздің 14 қаласынан 130 спортшы қатысқан болатын.
Ақтөбе облысынан 20 споршы өз күштерін сынады. Чемпионатта полиция лейтенанты, 75 келі салмақ дәрежесінде Әлібек Ідріс ақтық белдесуде маңғыстаулық спортшыдан ұпай санымен жеңіліс тауып, күміс медальға ие болды.
Әлібек 7 жасынан бастап спортпен шұғылданады. «Жаттықтырушыларым Тимур Шатаев пен Орынбай Майкеевтің де менің жетістігіме қосқан үлестері мол. Мен қолдау танытып, көмектесетін басшылық пен әріптестеріме ризамын. Екінші орынды иелендім. Алда Азия чемионаты мен 2020 жылы болатын Олимпиада ойындарына қатысудан үміттімін. Енді мен тек алтын медаль алуға талпынамын», – дейді полиция лейтенанты Әлібек Ідріс.
Полиция лейтенанты осыған дейін де талай сайыстардан жүлдемен оралған. Ақтөбе облысы Полиция департаментінің Жылдам қимылдайтын арнайы жасағы сарбаздары беделді халықаралық және елішілік жарыстарда талай рет жақсы нәтиже көрсетіп жүр.

Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*