Білім мен тәртіп ордасында

ІІМ Оқу орталығында (Теміртау қаласы) жастармен кездесу іс-шарасын ұйымдастыру шеңберінде Теміртау қалалық политехникалық колледжінің студенттері шақырылып, ерлік сабағы өткізілді.
Оқу орталығы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Б. Айқынбаев бұл жиынды ел патриоттарын тәрбиелеу ісі деп бағалады. Осы мақсатта Теміртау қаласындағы жоғары және орта арнаулы оқу ордаларымен тығыз қарым-қатынас орнатып, жас патриоттарды тәрбиелеу бойынша бірлесе жұмыс атқарылып келеді.
Жыл сайын дәстүрлі өтетін мұндай жиын жастар тарапынан аса қызығушылық тудырып отыр. Бұл жиынға ІІМ Оқу орталығының қызметкерлері, Политехникалық колледждің оқытушысы, студент жастардың ғылыми жетекшісі Б. Өскеева қатысып, аса белсенділік танытты.
Студент жастарға Оқу орталығының бақылау-өткізу пункті тансытырылып, ондағы арнайы құрылғыларды көздерімен көріп, қолдарымен ұстауға мүмкіндік берілді.
Одан кейін, жас меймандар Оқу орталығының тыңдаушылары көрсеткен қоян-қолтық күрес тәсілдерін, арнайы құралдарды ережеге сәйкес пайдалану әдістерін тамашалады.
Мұндай іс-шарадан зор әсер алған жас буын атыс тиріне бет алды. Тирде тыңдаушылардың қатысуымен өтіп жатқан атыс жаттығуларына куә болды. Қарағанды облысының ІІД Арнайы дайындық басқармасының қызметкері, полиция майоры Т. Жәкеев және ІІМ Оқу орталығының Әскери дайындық циклы бастығы, полиция капитаны С. Рақымжанов атыс қаруының бөлшектерімен таныстырып, мергендіктің қыр-сырын паш етті.
ІІМ Оқу орталығының әкімшілік ғимаратына аяқ басқан жас толқын бірден оның келешектегі даму жоспарына сәйкес макетіне көз жүгіртіп, болашақтарын құқық қорғау органдарымен байланыстырғысы келетінін де жасырмады.
Бұдан соң, криминалистика және арнайы техника циклының басшысы, полиция подполковнигі А. Қайырбекова қылмыс орнын қарау әдістері және ізтаңбалар жөнінде қысқаша мәлімдеме жасап, криминалистикалық арнайы құралдарды көрсетті.
Осылайша мол әсерге бөленген жас буынға ІІМ Оқу орталығы басшысының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі

Ж. Тәшімбетов алғысын айтты.

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*