Ықпалдастық құжатына қол қойды

Ұлттық ұлан мен «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Астанада Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығында «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы АҚ өкілдері мен Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Руслан Жақсылықовтың кездесуі өтті.
Делегацияны компанияның ғарыш жүйесі және технологиялар бойынша вице-президенті, Қазақстанның Халық қаһарманы, авиация генерал-майоры Айдын Айымбетов бастап келді.
Кездесу барысында тараптар арасында ақпараттық және іскерлік ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Меморандум мақсаты – қызмет көрсету және ғарыштық технологиялар саласында тәжірибе мен технологиялар алмасу арқылы өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту, ішкі нарықта бәсекелестікті арттыру мақсатындағы ынтымақтастықты арттыру.
– Бүгін біз «Қазақстан Ғарыш Сапары» компаниясы арасындағы ынтымақтастығымызды әрі қарай арттыру, біздің тапсырыс бойынша ұшқышсыз ұшу құралдарын шығару, жылжымалы нысандарды мониторингілеу, навигациялық құрылғыларға сервистік қызмет көрсету, геоақпараттық жүйе жасау және өзара тиімді негізде әріптестік қарым-қатынасты жүзеге асыру бойынша маңызды құжатқа қол қоюдамыз. Сіздер біздің тараптан ортақ жобаларды іске асыруда өздеріңізге қолдау көрсететін сенімді серіктес тапты деп үміттенемін, – деп атап өтті генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов.
Компания вице-президенті Айдын Айымбетов өз кезегінде құқықтық тәртіп әскерімен ықпалдастық жасауға қуанышты екенін айтты. Өйткені, компания миссиясы – ел мүддесіне сай бәсекеге қабілетті ғарыштық технологияларды енгізу.
– Біздің әуе және жердегі көлік, ұшқышсыз ұшу құралдары мониторингі іспетті өздеріміздің даму құралдарымызбен бөліскеніміз көңілімізге жылу ұялатады. Себебі, Ұлттық ұлан бақылауында Қазақстанның барлық аумағы, маңызды мемлекеттік нысандар, түзеу мекемелері бар. Біздің даму құрылғыларымызды пайдалану жеке құрам үшін одан да үлкен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, – деп, ықпалдастық туралы өз ойымен бөлісті Айдын Ақанұлы.
Меморандумға сәйкес тараптар ортақ бағыттар бойынша бірлескен семинарлар, конференциялар, тренингтер, дөңгелек үстелдер, презентациялар ұйымдастыру және жұмыс топтарын құру мүмкіндіктері қарастырылған.

Ұлттық ұланның баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*