Фронт-кеңсе жұмысты жеңілдетеді

Солтүстік Қазақстан облысында полицияның шалғайда орналасқан аудандық бөліністері де қызмет көрсетудің сервистік түріне көшуде. Қараша айынан бастап Ақжар және Уәлиханов аудандарында әдеттегі қатаң өткізу жүйесі және темір есіктердің орнына келушілер енді жайлы фронт-кеңсеге жүгінетін болады.
Солтүстік Қазақстан облыстық ПД бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов Кішкенекөл мен Ақжар селоларында полиция бөлімдерінде фронт-кеңселердің ашылуына қатысты. Сонымен бірге, аудандардың әкімдері мен мәслихаттар хатшылары, аудандардағы Ардагерлер кеңестерінің төрағалары, ХҚКО мен жұртшылық өкілдері де келді.
Берік Біләлов ең алдымен ат басын аудан орталығы Кішкенекөлге бұрды. Аудандық Полиция бөліміндегі фронт-кеңседе ыңғайлы күту бөлмесі, ақпараттық стендтер, теледидар және Wi-Fi қарастырылған. Қызмет көрсететін екі қызметкер алдын ала тергеу және анықтау, әкімшілік тәжірибе, құжат айналымы бойынша әрдайым көмек көрсетіп, кеңес беруге дайын.
Облыстық ПД бастығы кезекші бөлімнің жұмысы жеңілдегенін және ашықтықтың енгізілгенін айтып өтті. Арыздарды құжаттамалық бөлім бірден фронт-кеңсеге қабылдайтын болады. Дәл осылай облыстық полиция ведомствосының басшысы Уәлиханов ауданы Полиция бөлімінің жеке құрамымен кездескен кезде де жұмыстың бағыт-бағдарын түсіндірді. Облыстық полиция басшылығының пікірімен Уәлиханов ауданы ішкі істер органдарының ардагерлері де келісуде.
Ақжар ауданының орталығы Талшықта да заманауи фронт-кеңсе есігін айқара ашып отыр, жұмыс қызу жүруде. Жергілікті тұрғындар полиция жұмысындағы осындай өзгерістер туралы оң пікірде.
Екі ауданда да облыстың бас полицейі жеке құраммен Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы аясында түсіндіру жұмысын өткізді және Жолдау тармақтарының орындалуымен танысты. Бұдан бөлек, ПД бастығы Берік Біләлов екі ауданда азаматтарды қабылдап, қабылдауда 7 адам болды.

Солтүстік Қазақстан облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*