«Жас құтқарушы» қанат жаюда

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі Қызылорда облысы аумағында «Жас құтқарушы» клубын (үйірмесі) құрып, көптеген игі істер атқарып келеді.
Бұл үйірменің мақсаты – оқушылар арасында бұқаралық құтқарушы жұмыстарын жандандыру, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, құтқарушы қызметі арқылы саламатты өмір салтын қалыптастыру. Қызылорда қаласы мен аудандарда «Жас құтқарушы» үйірмесінің жұмысын ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жоспары жасалып, білім бөлімімен келісіп, басқарма, бөлім басшыларымен бекітілген. Балалар мен жастарды қолданбалы спорт түрімен шұғылдануға тарту, сондай-ақ, жасөспірімдерді әскери-патриоттық тәрбиелеуді насихаттау мақсатында жергілікті жердегі әр мектеп директорларымен келісе отырып, жас құтқарушы үйірмелері құрылып, ауқымды жұмыстар атқарылуда.
Атап айтар болсақ, 2018 жылы облыс бойынша 148 «Жас құтқарушы» үйірмесі құрылып, оларға 1356 бала мүшелікке өтті. «Жас құтқарушы» үйірмесіне қатысқан балалар саны былтырғы жылмен салыстырғанда 8,9 %-ға өскен.
2018 жылғы 9-12 шілдеде Көкшетау техникалық институты базасында өткен республикалық «Жас құтқарушы» жарысында Қызылорда облысы жас құтқарушылары 4-орынды иеленді.

Қызылорда облысы ТЖД
Төтенше жағдайларды жою бөлімі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*