Олимпиада чемпионы сақшыларды құттықтады

Тұңғыш Президент күніне орай Павлодар облысы Полиция департаментінде «Динамо» ФСҚ ғимараты қалпына келтіріліп, қайта ашылды.
Жаңартылған «Динамо» спорт кешенін ашуға облыс әкімі Болат Бақауов, 2000 жылғы Сидней олимпиадасының чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген спорт шебері, Мәжіліс депутаты Ольга Шишигина, қысқы олимпиада ойындарының жүлдегері Людмила Прокашева қатысты.
Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов қызметкерлерді ерекше күнмен құттықтай отырып, республикалық және халықаралық жарыстарда жоғары спорттық нәтижелерге жету үшін ішкі істер қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері арасында жаппай спортты дамыту қажеттігін атап өтті.
Өз кезегінде Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры А. Әубәкіров өңір басшысын көрсеткен көмегі және тұрақты қолдау білдіргені үшін алғыс білдірді. «Осы спорттық кешенде спорттың көп түрімен айналысу үшін барлық жағдай жасалған. Олар күніне 500 адамды қабылдай алады. Құқық қорғау органдарының өкілдері дене дайындықтарын арттыруға мүмкіндіктері бар. Мұнда жақын маңдағы мектеп оқушылары да, сонымен қатар, барлық ниет білдірушілер де спортпен айналыса алады», – деді өз сөзінде Амантай Акрамұлы.
Сондай-ақ, полиция қызметкерлерін Ольга Шишигина керемет спорт кешінімен құттықтай отырып, алда үлкен жетістіктерге жетуге тілектестік білдірді. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері және Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ жауынгерлері өз шеберліктері мен кәсіби біліктіліктерін паш етіп, көрініс қойды. Әрбір қозғалыстарынан олардың командалық жұмыстары мен тәсілдері байқалады.
Жаңартылған спорт кешені полиция қызметкерлерінің жауынгерлік, дене және қызметтік даярлықтарын арттыруға, сондай-ақ, өңірлік, республикалық және әлемдік деңгейдегі спорттық жарыстарға полицейлердің даярлықтарын арттыруға арналған.
Заманауи көп қызметті кешенде шағын футбол алаңы, баскетбол және волейбол, самбо және теннис залы, қыздарға арналған фитнес залы бар. Сондай-ақ, өртке қарсы қызмет қызметкерлеріне арналған оқу-жаттығу алаңы жабдықталған. Тәртіп сақшылары спорт кешенінде уақытты барынша тиімді пайдалануға ниетті.

Павлодар облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*