Полицей – сенің досың әрі қорғаушың

«Мен және менің полицейім» үш күндік республикалық акциясы Солтүстік Қазақстан облысының барлық оқу орындарында жүргізілді. Бұл іс-шара барысында тәртіп сақшылары оқушыларға өздерінің мамандықтары жайында айтып, қызметтік техникалармен таныстырып, қоғамдық орындарда және жол бойында өздерін ұстау ережелерін түсіндіреді.
Акция аясында полиция қызметкерлері мен ұстаздар балаларға Спорт сарайына серуендеу, коньки тебу және петропавлдық «Құлагер» мен павлодарлық «Мұнайшы» хоккей құрамаларының арасындағы матчты тамашалау бағдарламасын ұйымдастырды. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары синтетикалық есірткі заттарын қолдану неге әкеліп соғатыны жайында түсіндіріп, балаларды биылғы ақпанда Былғары зауыты ауданында болған өрттен адам өмірін құтқарып қалған қалалық Полиция басқармасының қызметкері, полиция сержанты Сұлтан Қуанышевпен таныстырды.
«Маған бәрі ұнады, кездесу өте танымдық және интеллектуалды түрде өтіп, өзім үшін көптеген мағлұмат алдым. Мысалы, есірткі заттары туралы білмегенімді білдім. Сондай-ақ, бізге жолда жүру ережелері туралы да айтылды. Кейін Александр Винокуров атындағы спорт сарайында болып, ол жерде конькимен тегін серуендеп, бізге ыстық шай ұйымдастырылды», – дейді қуанышымен бөліскен №8 орта мектептің 11-сынып оқушысы Марина Страхова.
Балалар үшін жол-патрульдік полициясы батальонында да қызықты экскурсиялар өтті. Құқық қорғау қызметкерлері жол-патрульдік полиция көліктерінде орнатылған дыбыс зорайтқыштардың қалай жұмыс істейтіндерін көрсетіп, «Жол приставы» мобильді кешені мен полицияның жылжымалы пункттерімен таныстырып кетті. Жасөспірімдердің қызығушылығын полицияның сыртта қызмет ететін бөліністерінің құралдары – қалқан мен каскалары, арнайы құрылғылары қызықтырды.
№1 орта мектептің 7-сынып оқушысы Руслан Сайфулинның айтуынша, полицияның көлік паркімен және арнайы құралғыларымен танысқан соң, полиция қызметкері болу арманы екі есе күшейе түскен.
Осы уақытта облыстық Полиция департаменті шалғай ауылдардан келген қонақтарды қарсы алды. Мағжан Жұмабаев ауданы Полиция бөлімінің басшылығы Надежка ауылдық округінің мектеп оқушылары үшін ведомстволық жедел басқару орталығы мен мұражайына экскурсия ұйымдастырылды. Бейнебақылау камераларының мүмкіндігі мен құқық қорғау қызметкерлерінің тарихын сақтап келе жатқан жәдігерлерді көрген балалар ерекше әсер алып қайтты. Болашақта осы балалардың арасында өз өмірін құқық қорғау қызметімен байланыстыруға шешім қабылдағандар шығуы мүмкін.

Юрий КЛЫКОВ, Солтүстік Қазақстан облысының ПД

Шымкент қаласының ПД
Жергілікті полиция қызметі басқармасының және Жол-патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қала аумағында «Мен және менің полицейім» атты республикалық акциясы аясында бірқатар профилактикалық іс-шаралар өткізді.
№6 колледжде кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлар жоғары сыныптың оқушыларымен бірлесіп, төменгі және кадет сыныптарының оқушылары жол қозғалысының қатысушылары екендігін және жол оқиғаларын алдын алу үшін қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керектігін ескертті. Балалар бағдаршамның қай түсі жанғанда жолдан өтетінін және қандай белгілер жаяу жүргіншіге көмек болатыны туралы ескертті. Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлар жол қозғалысының жас қатысушыларына жолда жиі болатын оқиғаларға ұшырамау үшін нені есте ұстау керектігіне баса назар аударып, түсіндірді. Сондай-ақ, төменгі сынып оқушыларының арасында жол қозғалысының ережелері туралы суреттердің шығармашылық байқауы өтті.
Молда Мұса атындағы №5 орта мектепте кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлар, психологтар, оқытушылар мен жоғары сынып оқушыларының қатысуымен «Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың жағдайы мен профилактикасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында әрбір қатысушы өз баяндамасын оқыды. Дөңгелек үстелде кәмелетке толмаған жасөспірімдер жасайтын қылмыс пен құқық бұзушылықтың себептері, ол мәселелерді шешудің жолдары мен әдістері талқыланды.
А. Молдағұлова атындағы №29 орта мектепте жоғарғы сынып оқушылары «Құқық бұзушылық және жауапкершілік» тақырыбында пікірталас ұйымдастырды. Пікірталастың қатысушалары осы бағытта құқық бұзушылықты болдырмау және оның алдын алу бойынша өз ойларын білдірді. Әрбір құқық бұзушылық әрекетіне тиісті жаза барын да нақты түсіндіріп өтті.
№83 орта мектепте салтанатты түрде кадет сыныбы ашылды. Ашылу рәсіміне кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлар, психологтар, оқытушылар, оқушылар және олардың ата-аналары қатысты. Іс-шара барысында инспекторлар кадеттерге төсбелгі тақты. Салтанатты рәсімнен кейін кадет сыныбы, жас қыран, жас ұлан оқушылары ресми түрде ант қабылдады. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлар қатысушылардың барлығына мектепте және оның сыртында тәртіп сақтау керектігін ескертті.
Жол-патрульдік полициясы полкінің қызметкерлері жол қозғалысының жас қатысушыларына жол ережелерін еске салды. Сонымен қатар, ересектердің жетегінсіз жүрген балалармен профилактикалық әңгіме жүргізді. Оқушылар алған білімдерін іс жүзінде бекітті. Полиция қызметкері балаларды жаяу жүргінші жолымен қалай өзін-өзі дұрыс ұстап өту керектігін түсіндіре отырып жолдан өткізді. Жолдан өтер кезінде балалар арнайы өту орнына арналған жаяу өтпе жолынан ғана өту керектігіне басты назар аудартты.

Орал қаласының ПБ
Қаладағы 56 орта мектепте, сонымен қатар, 49 балабақшаның жоғарғы топ тәрбиеленушілері арасында қала әкімдігі, прокуратура, білім беру бөлімі, ата-аналар комитеті, «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанаты мүшелерінің қатысуымен «Мен және менің полицейім» атты акция ұйымдастырылды.
Акцияның мақсаты – балаларды, олар арқылы ересектерді полиция жұмысымен, сондай-ақ, жол тәртібі ережелерін таныстыру болып табылды. Акция барысында мектеп инспекторлары мүдделі орган қызметкерлерімен бірлесіп, жалпы орта білім беретін мектептердің бастауыш сынып оқушыларына, сонымен қатар, мектепке дейінгі мекемелердің жоғарғы топ тәрбиеленушілері үшін «Полиция – дос және қорғаушы» тақырыбында әңгімелесулер, дәрістер және тақырыптық ойындар ұйымдастырып, бүлдіршіндерге қоғамдық орындардағы мінез-құлықтары, жолда жүру ережелері, таныс емес адамдармен қарым-қатынасы тәртібі туралы түсінік берді.
Жалпы ақция барысында Орал қаласы аумағында 229 іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді. Оның 178-і дәрістер және оқушылармен әңгімелесулер, 13-і балабақша тәрбиеленушілері арасында өткізілген тематикалық ойындар болды.
Бастауыш сынып оқушыларына учаскелік полиция инспекторларының және жол полициясының автокөліктері көрсетіліп, полицейлердің алдында тұрған негізгі міндеттері түсіндірілді.
Акция аясында Орал қаласының ПБ ЖПҚБ ЮПБ-інде есепте тұрған жасөспірімді РУ-170/1 мекемесін көрсету үшін экскурсия ұйымдастырылған болатын. Экскурсия кезінде мекеме қызметкерлері оқушыларға мекеменің тәртібімен таныстырып, жазасын өтеушілердің камераларын көрсеткен болатын. Мектеп оқушыларымен жүргізілетін іс-шаралар жалғасын таба береді.

Мәдина ҚҰСПАНОВА

Ақмола облысының ПД
Ақмола полицейлері «Мен және менің полицейім» республикалық науқаны аясында қала оқушылары мен балабақша тәрбиеленушілеріне арнап таныстыру экскурсияларын өткізді.
Көкшетау қаласы Полиция басқармасы ғимаратында «Мен және менің полицейім» республикалық науқаны аясында Ашық есік күні өтті.
Онда полиция қызметкерлері қаланың жалпы білім беретін мекемелерінің оқушыларына арнап өзіндік экскурсия өткізіп, полицияның әрбір саласының қызметі туралы әңгімеленді.
Балалар заңнаманың қандай да бір бұзушылықтарын жасағаны үшін жауапкершілік, күнделікті кәсіби қызметінде полиция қызметкерлерінің алдына қойылған мақсаттар мен міндеттер туралы хабар алды.
Оқушыларға тәртіп сақшылары қызметтік міндеттерді орындау кезінде қолданатын қару-жарақ пен арнайы құралдар, жеке қорғану құралдары көрсетілді.
Осы күні тәртіп сақшылары оқушыларды Жедел басқару орталығының, Кинологиялық қызмет орталығының жұмысымен таныстырды. Жедел басқару орталығында оқушыларға озық компьютерлік технологияларды, байланыс және телекоммуникация құралдарын қалай пайдаланатыны, жедел басқарудың ақпараттық-талдау жұмысы туралы әңгімеленді.
Кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлері қарулы қылмыскерлерді құрықтау тактикасына, киім-кешекке баса назар аударды.
Сонымен қатар, «Шанс» қоғамдық қорының өкілдері оқушылармен викторина өткізіп, ойын нәтижесінде жеңімпаздарға тренажер залына арналған абономенттер сыйға тартылды.
Науқан аясында білім беру ұйымдарында келесі тақырыптарда дәрістер мен әңгімелер өтті. Атап айтқанда, «Оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу», «Қоғамдық орындарда және жолдарда тәртіп ережесі», «Бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасау кезіндегі тәртіп ережесі», «Жыныстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» және т.б. тақырыптар көтеріліп, сондай-ақ, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша брифингтер мен тақырыптық ойындар ұйымдастырылды.
Қалалық балабақшаларда полиция қызметкерлері «Жол белгілері елінде», «Полицей – дос және қорғаушы!» ойындарын, сондай-ақ, суреттер байқауын өткізді.
ҚБАПБ барлық әкімшілік ғимараттары негізінде қызметтік автокөліктерді көрсету және полиция қызметкерлерінің амунициясы ұйымдастырылып, АПБ мекемелерінде экскурсия өткізілді.

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*