Мейрамдағы мәнді кеш

30 қарашада ІІМ ТЖ комитетінде Тұңғыш Президент күніне орай салтанатты жиын өтті.
Ішкі істер министрінің орынбасары Ю. Ильин жеке құрамды мемлекеттік мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, азаматтық қорғау органдарының ардагерлер кеңесінің төрағасы К. Әбдірахманов құттықтау сөз сөйледі.
Салтанатты жиын басталар алдында Тұңғыш Президент кітапханасының жетекші ғылыми қызметкері С. Бердағұлованың қатысуымен жеке құрам арасында дәріс өтті.
Сөз сөйлеушілер Н.Ә. Назарбаевтың үлкен рөлін, ел ішінде де, халықаралық аренада да мемлекеттің қалыптасуы мен дамуына қосқан баға жетпес үлесін, қазақстандық қоғам мен әлемдік қоғамдастық алдындағы еңбегін атап өтті.
Бұдан әрі салтанатты жиналыс барысында сынақ мерзімінен сәтті өткен мемлекеттік әкімшілік қызметшілер ант қабылдады.
Ішкі істер министрлігіндегі салтанатты жиналыста Президенттің 2018 жылғы 21 қарашадағы №792 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы мен оның астанасының қалыптасуына және дамуына елеулі үлес қосқаны үшін «Астанаға – 20 жыл» мерекелік медалімен ТЖК-нің 2 қызметкері, жалпы азаматтық қорғау органдарының 10 қызметкері марапатталды.
Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін дамытуға қосқан үлесі, қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін және Тұңғыш Президент күнін мерекелеу құрметіне Ішкі істер министрінің және ТЖ комитеті төрағасының бұйрықтарымен Төтенше жағдайлар комитетінің, оның аумақтық бөлімшелерінің және ведомстволық бағынысты ұйымдарының 84 қызметкері ведомстволық наградалармен марапатталды.
Азаматтық қорғау органдарының ардагері Д. Данаевқа салтанатты түрде мерейтойлық награда тапсырылды.
ІІМ ТЖ комитетінің «Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорт федерациясы» қоғамдық бірлестігінің құрылғанына 10 жыл толуына байланысты, сондай-ақ, өрт-құтқару спортын дамытуға және азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін нығайтуға қосқан үлесі үшін бірқатар қызметкер төсбелгімен марапатталды.

ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*