Қырағы ұландықтар

Оралда Ұлттық ұлан жауынгерлері пышақпен жүрген екі адамды ұстады.
5517-әскери бөлімінің әскери жасақта жүрген жауынгерлері қырағылық танытып, бір күнде екі адамды қолға түсірді.
Оқиға кешкі сағат 21.20 шамасында болған. Әскери жасақ құрамында қатардағы жауынгерлер Жанболат Нұрханұлы, Нұржан Жамаладин және Тілеген Бепілұлы қаланың С. Тюленин көшесі бойындағы «Зодиак» дүкені маңынан сезікті адамды байқап қалады.
Әскери жасақ бастығы Ж. Нұрханұлы оның құжаттары мен жеке заттарын қарауға шешім қабылдады. Күртесінің қалтасынан пышақ табылған ер адам полиция бөліміне жеткізілді.
Сол секілді «Солтүстік-шығыс» шағын ауданында кезекшілікте жүрген Әнуар Иғманұлы, Александр Суханов және Әсет Қоңдыбаев Әбілқайыр хан даңғылы бойынан тәртіп сақшыларын көріп, қашпақшы болған ер адамның адымын аштырған жоқ. Куәлердің қатысуымен қараған кезде оның шалбарының қалтасынан пышақ шықты.
Ол да қалалық полиция басқармасына тапсырылды. Қоғамдық тәртіпті күзету кезінде қырағылық танытып, батыл іс-қимыл жасағаны үшін аталған әскери жасақ жауынгерлері «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы атынан марапатталды.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*