Өрт сөндірушілер сынға түсті

Тұңғыш Президент күні қарсаңында Макинск қаласының спорт кешенінде «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ мен облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бөліністерінің қызметкерлері арасында волейболдан турнир өтті.
Өрт сөндіру бөлімшелерінің қызметкерлері арасында спорттық шеберлік деңгейін арттыру, саламатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткен волейбол турниріне 8 командасы қатысты.
Айта кету керек, өрт сөндіру қызметінде қызметкерлердің физикалық дайындығына үлкен көңіл бөлінеді. Төтенше жағдайларды жою кезінде көптеген адамдардың өмірі ТЖ қызметкерлерінің шебер және жылдам іс-қимылдарына байланысты.
Турнир қорытындысы бойынша I орынды Бурабай ауданының 20-ӨСБ командасы жеңіп алды. II орынға Бұланды ауданы ТЖБ, III орынға Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі командалары лайық деп танылды.
Барлық командалар бағалы сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды. Ақмола облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Н. Тасов басқарма аппаратының құрама командасының капитанына грамота мен бағалы сыйлық табыс етті.

Гүлмира ҚАРШАЛОВА, Ақмола облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*