Рухы мықтының жетістігі жарқын

Жуырда басқарма аппаратының релаксация бөлмесінде өрт сөндіру қызметінің бастығы Марат Жүсіпов спортшылар командасымен кездесті.
«Сіздер жарыстардан көптеген жеңістер әкелген мықты командасыздар. Біз сіздерге сенеміз, әр сайыстан тек жеңіс күтеміз. Сіздерге күш пен шыдамдылық тілейміз. Біздің қоржынымыз тек алтын медальға толсын», – деді қызмет бастығы.
Одан әрі психологиялық тренинг түрінде жұмысты бас маман-психолог Айнұр Оразалина жалғастырды. Тренингте күшті рухты қалпына келтіру, эмоцияны бақылау және өзін-өзі реттеу үшін әдістемелер мен жаттығулар қолданылды. Бұл жаттығулар тренингтің қатысушыларына тағы бір үйлестірілген команда ретінде сезінуге мүмкіндік береді, бөлінген топты бірыңғай, үйлесімді және нақты жұмыс істейтін механизмге айналдырады.
Өз қызметінің түрі бойынша өрт сөндіруші және құтқарушы мамандығы адамдардан күрделі физикалық мүмкіндіктерді талап етеді. Яғни, бұл адамдарда ауыр атлеттің күші, жеңіл атлеттің жылдамдығы және гимнастшының икемділігі болуы керек. Бүгінгі күні дамытылатын қолданбалы спорт түрлері осы қасиеттерді дамытуға бағытталған. Өрт-қолданбалы және құтқару спортының көптеген спорттық талаптары көп жағдайда кеңінен танымал спорт түрлерінің элементтері мен нормативтерін қайталайды.
«Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ жаттықтырушылары мен басшылығының үздіксіз және тынымсыз жұмысының арқасында үздік спортшылардың қатары артып, олардың көбі жоғары деңгейдегі жарыстарда жүлделі орындарға ие болды. Естеріңізге сала кетейік, «Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ өрт сөндіруші-спортшылары 2013 жылы өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша өз командасын құрды. Біздің құрама қатарында ӨСҚС және жеңіл атлетика бойынша спорт шебері Р. Сафиулин, ҚР бірнеше дүркін чемпионы Ш. Жұмаш және А. Рожкин, студенттер арасында екі дүркін әлем чемпионы А. Ерубаев, І спорттық разрядқа ие А. Қуанышкереев, жас спортшылар Е. Байкенов және А. Әшімов, тағы да басқа мықты спортшылар бар.
2018 жылдың 21-24 қараша аралығында Ресей Федерациясының Саратов қаласында өрт сөндірушілер мен құтқарушылар халықаралық спорт федерациясының XIX конференциясы өтті. Олимпиада комитетінің талабы бойынша конференцияда өрт-құтқару спорты мен өрт-қолданбалы спортының атауын «Өрт сөндіру спорты» деп атау туралы шешім қабылданды. Конференцияның күн тәртібі шеңберінде қаралған мәселелер бойынша барлық әзірленген шешімдер тиісті қаулылармен бекітілді.

Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*