«Үміт-2018»: жеңімпаздар анықталды

Батыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінде РУ-170/2, РУ-170/3 мекемелерінің сотталғандары жасаған суреттер мен қолданбалы өнер бұйымдарының «Үміт-2018» байқау-конкурсы өтті.
Осындай байқаулар облысымызда жыл сайын өтеді. Көрмеде 1 сурет және 6 қолданбалы өнер бұйымы ұсынылған. Бұйымдар арасында статуэткалар, фигура, музыкалық аспаптар бар. Негізінен алғанда, сотталғандардың суреттері пейзаж жанрында жазылған. Конкурста жұмыстарды кәсіби суретшілер, облыстық Суретшілер одағының мүшелері, қоғамдық бірлестіктер және БАҚ өкілдері бағалайды.
Байқау нәтижесінде 1-орынды «Природа» суретімен РУ-170/3 мекемесінің сотталғаны Т. Дәулетов және «Музыкальная домбра» бұйымымен қатысқан РУ-170/3 мекемесінің сотталғаны Б. Темірбаев иеленді.
«Затерянный корабль» бұйымымен келген РУ-170/2 мекемесінің сотталғаны В. Куленко мен «Батыр Махамбет» бұйымын ұсынған РУ-170/2 мекемесінің сотталғаны М. Шаповалов, сондай-ақ, «Ожау «Барс» бұйымын жарысқа қосқан РУ-170/3 мекемесінің сотталғаны А. Паницкий екінші тұғырдан көрінді.
«Жанұяға деген сағыныш» бұйымымен РУ-170/2 мекемесінің сотталғаны К. Нұрбергенов және «Сувенир «Музыкальная домбра» бұйымын жасаған РУ-170/3 мекемесінің сотталғаны С. Төлегенов ынталандыру сыйлықтарын алды.
Конкурс жеңімпаздары дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. Бұл жұмыстар өтеусіз балалар үйіне сыйға берілмек.

Тимур ДҮЙСАЛИЕВ, Батыс Қазақстан облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*