Қос ауданда фронт-кеңселер ашылды

Булаев қаласы мен Бескөл ауылының полиция бөлімдерінде азаматтарға қызмет көрсететін фронт-кеңселер ашылды.
Халыққа қызмет көрсетудің сервистік моделіне көшуді қалалық полиция бөлінісімен қатар аудандық тәртіп сақшылары да қолға алды. Солтүстік Қазақстан облыстық ПД бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов аталған фронт-кеңселердің ашылуына қатысты.
Булаев қаласындағы полицияның фронт-кеңсесінде аудандық полиция бөлінісіне жүгінген азаматтарды екі қызметкер тыңдап, өтініш бойынша қажетті жұмыстарды жүргізеді.
Мағжан Жұмабаев ауданы Полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Ерлан Сұлтанвотың айтуынша, фронт-кеңсе таңғы сағат 9-дан кешкі 18-ге дейін жұмыс істейді. Негізгі төрт бағыт – құжат айналымы бөлімі, өткізу бюросы, алдын ала тергеу мен анықтау қызметтері, әкімшілік тәжірибе бойынша азаматтардың өтініштері қаралады. Азаматтар кезекші бөлімге емес, бірден осы бөліністер қызметкерлеріне жүгіне алады. Қызметкерлер олардың сұрақтары бойынша нақты қандай шаралар қабылдау қажет екенін айтып береді.
Полиция департаментінің бастығы Берік Біләлов, аудан әкімі Қайрат Омаров пен Консультативтік-кеңесші органның төрағасы Жасұлан Ахметов жұмыстарды жүргізу үшін барлық жағдайлар жасалғанын және азаматтарға жағдай жасау бойынша аталмыш бағытты дамыту қажет екенін атап өтті.
Бұл күні облыстық полиция ведомствосының басшысының және аудан әкімінің қатысуымен Надежка ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы тұрғындар алдында есеп берді. Полиция капитаны Жандос Ғабдрашитов жылдың басынан округте 10 қылмыс пен 60 құқық бұзушылық тіркелгенін айтты. Барлық қылмыстар ашылған. Учаскелік инспекторға профилактикалық жұмыстар мен өткен жылдарда жасалған қылмыстарды ашуды жандандыру бойынша міндет қойылды. Сонымен бірге, полиция генерал-майоры Берік Біләлов аудандық Полиция бөлімінің басшылығына оқушылар үшін облыстық полиция ведомствосына, әсіресе департамент мұражайына экскурсия ұйымдастыруды тапсырды.
Қызылжар ауданындағы Полиция бөлімінің табылдырығын аттаған азаматтар бірден ыңғайлы күту аймағы жабдықталған залға кіреді. Азаматтарды қабылдау барлық негізгі бағыттар бойынша жүргізіледі. Берік Біләлов пен аудан әкімі Жанат Сәдуақасов фронт-кеңсенің және бейнебақылау орталығының жұмысымен танысты. Бүгінде тек Бескөл ауылында 27 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді. Олардағы түсірілім полицияның кезекші бөліміне келіп түседі. Қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы Полиция департаменті бастығының Прибрежное ауылдық округі тұрғындарымен өткен кездесуінде сөз болды. Атқарылған жұмыстар туралы учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Азамат Әбілмәжінов баяндады. Оған және аудандық полиция бөлімінің басшылығына профилактикалық жұмыстарды күшейту және жұртшылықпен, жергілікті атқарушы органдармен байланысты нығайту тапсырылды.
Надежка ауылы тұрғындарының мәселелерін тыңдаған Берік Біләлов мұнда да кездесу соңында азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады. Полиция құзыретіне кіретін ауыл тұрғындарының барлық сұрақтары шешімдерін тапқанға дейін бақылауға алынды. Тұрғындардың әлеуметтік сипаттағы сұрақтарын кездесуге қатысқан Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары Өмірбай Омаровпен бірге тыңдады.

Юрий КЛЫКОВ, Солтүстік Қазақстан облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*