Италия делегациясымен кездесті

Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қалмұханбет Қасымов Италия Парламенті депутаттар палатасының вице-президенті Эттре Розато бастаған делегациямен кездесті.
Кездесуге қатысушылар Қазақстан ішкі істер органдарының алда тұрған реформасы, сондай-ақ, итальяндық тараппен қылмысқа қарсы күрес саласындағы одан әрі ынтымақтастықтың перспективалары туралы пікір алмасты.
Тараптар мүдделі бағыттар бойынша өзара іс-қимылды нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.
Кездесу өзара түсіністік пен сындарлы диалог жағдайында өтті.

ІІМ баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*