Жалтарғандардан жауап алынды

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері үш күндік акция өткізді. Басты назарға алимент, несие, сот шығындарының өтемдерін және басқа да берешектерді төлеуден жалтарған адамдар ілікті.
Акция басталған кезде облыстық ПД КҚҚБ өндірісінде 133 іздестіру ісі болған. Әр борышкерді іздеу – көп еңбекті керек ететін жұмыс. Погон таққан адамдар пәтер-пәтерлерді аралап, іздеудегі адамның барлық таныстарын тексерді. Олардың көбі тұрғылықты жерлерін өзгертіп, шетелге кетіп жатады. Келіп түскен ақпаратты мұқият тексеру барысында полицейлер бірнеше жыл бойы кәмелетке толмаған қызына ақша аудармағаны үшін бір жарым миллионнан астам теңге қарыз болған Петропавл қаласының тұрғынын анықтады. Жауап алу барысында қарызы туралы білмегенін айтты. Тәртіп сақшылары борышкерге оның міндеттемелерін түсіндірді.
«Адамдар мынаны есте сақтауы қажет: ҚР заңнамасына сәйкес, егер де іздеудегі борышкер немесе алимент төлемеушілерді анықтағаннан кейін, қайтадан жасырынған жағдайда, оған қатысты іздестіру қайтадан басталмайды, – дейді облыстық ПД КҚҚБ бастығы, полиция майоры Талғат Әбілов. – Мұндай адам ҚР ҚК 430-бабы «Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін не атқарушылық құжатты орындамау» бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Баптың санкциясы үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді».
Акция өткізу үшін облыстық полицияның барлық күштері мен құралдары тартылды. Үш күн ішінде қызметкерлер 27 адамның жүрген жерін анықтады. Олардың арасында 15 борышкер, 8 алимент төлемеуші және 4 туыстары іздеп жүрген адам болып шықты.

Солтүстік Қазақстан облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*