Астана ахуалы бірқалыпты

Астаналық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы, полковник Марғұлан Аманбаевтың төрағалығымен халықпен кездесу өтті.
Шараға Астана қаласының тұрғындары мен Астана қаласы ТЖД басқарма, бөлім басшылары қатысты. Кездесуде Мемлекеттік өрт саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқарма бастығы О. Абрахманов осы жылдың өткен кезеңіндегі орын алған өрттер статистикасымен халықты ақпараттандырды. «Өрттер техногенді саладағы төтенше жағдайлардың ең көп таралған көзі болып келеді. Астанада биылғы 10 айда 509 өрт болып, 9 адам қаза тапса, 40 адам жарақат алды. Сондықтан өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету алға қойған мәселе болып келеді», – деп атап өтті ол.
Әңгіме кезінде ол электр құралдардың дұрыстығы, балаларды қараусыз қалдырмау, пеш жағу және жылыту құралдарын қолдану ережесі, өртенуге байланысты төтенше жағдайларды болдырмау шаралары және ПИК төрағаларына өрт сөндіру автокөліктерінің кедергісіз өтуін қамтамасыз ету туралы сөз қозғады.
Сонымен бірге, кездесуде төтенше жағдайларды жою бөлімінің бастығы Э. Райымбеков табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою бойынша азаматтық қорғау күштерінің және басқару органдарының дайындығы туралы халықты хабардар етті. «Апаттық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін қысқы кезеңде құрамында 714 адам мен 430 құтқару, медициналық, инженерлік техникасы бар азаматтық қорғау қызметінің жалпы тобы құрылды. «Қазавтожол» РМК базасында 154 жол талғамайтын және қар жинау техникасы дайын тұр. Жеке құрамның 114 адамнан және 20 жол талғамайтын техникасынан тұратын департаменттің жедел тобы құрылды», – деп атап кетті Райымбеков.
Астана қаласы ТЖД бастығының міндетін атқарушы, полковник М. Аманбаев қалада төтенше жағдайлардың ахуалы бірқалыпты, тұрақты бақылауда тұрғанын, азаматтық қорғау кіші жүйесі шаруашылық объектілері мен аумақтарды, халықты қорғауда және қаланың тіршілігін қамтамасыз ету жүйесінің дұрыс жұмыс істеуіне ықпал ететінін атап өтті. Адам өлімінің және төтенше жағдайлар санының төмендеуіне бағытталған жағымды динамиканы көруге болады.

Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*