ТЖД командасы – жеңімпаз!

Мемлекеттік қызметкерлер арасындағы ХVI облыстық спартакиада шеңберінде Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің командасы жүзу жарысына қатысты.
Жарыс олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар жасөспірімдер мектебінің бассейнінде өтті.
30 жасқа дейінгі жас санаты бойынша №2 Өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі, азаматтық қорғау сержанты Василий Макеев 2-орынды иеленді.
40 жасқа дейінгі категорияда тылдық қамтамасыз ету тобының инспекторы Наталья Двинянина 2-орынды жеңіп алды.
Ал, кәсіби дайындық мектебінің оқытушысы, азаматтық қорғау майоры Мария Большакова бас жүлдені иеленді.
50 жастан жоғары жас категориясында 1-орынды №1 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің тылмен қамтамасыз ету тобының технигі Қанат Шакуов жеңіс тұғырынан көрінді.
Сондай-ақ, жалпыкомандалық есепте Павлодар облысы ТЖД командасы 1-орынға ие болды.

Павлодар облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*