Адами капитал – жаңғырту негізі

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған Жолдауында қазақстандықтардың өмір сүру сапасының ажырамас бөлігі болып табылатын қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөле отырып, құқық қорғау органдарының жұмысында сапалы өзгерістер жүргізу жөніндегі міндеттерді қойды.
Мемлекет басшысы Үкіметке Президент Әкімшілігімен бірлесіп «Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі жол картасын» қабылдауды тапсырды. «Біріншіден, ІІМ-нің штаттық санын оңтайландыру, полицияны өзіне тән емес функциялардан арылту керек. Екіншіден, полиция қызметкерлерінің жаңа стандартын бекіту және мансаптық өсудің жүйесін өзгерту, сондай-ақ полицияның академиясы арқылы кадрларды даярлау және іріктеу қажет. Үшіншіден, халықпен жұмыстың жаңа заманауи форматтарын енгізу, полицияны бағалау өлшемдерін түбегейлі өзгерту қажет»», – деп атап өтті Нұрсұлтан Әбішұлы.
Елбасының осы тапсырмалары Павлодар қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының ұжымына да ерекше жауапкершілік жүктейді. Осыған байланысты біз төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі өз қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жалғастыруға ниеттіміз.
Нұрсұлтан Әбішұлы өз Жолдауында полиция жұмысын бағалаудың негізгі параметрлері қоғам тарапынан сенім деңгейі және халықтың қауіпсіздік сезімі болуы тиіс екенін атап өтті. Біздің қызметіміздің сапасын арттыру үшін жеке құрамның кәсіби дайындық деңгейін арттыру, оқытудың жаңа технологияларын енгізу қажет. Осындай маңызды және қажетті саланың сенімді жұмыс істеуін тек жоғары білікті мамандар, өз ісінің мамандары ғана қамтамасыз ете алады. Өйткені, біздің басты капиталымыз – адам. Бүгінгі күні бұл біздің қызметіміздің басым бағыттарының бірі.
Жас қызметкерлердің алдында біз жақсы дене бітіміне жету үшін ғана емес, сонымен қатар жоғары моральдық қасиеттерге, психологиялық тұрақтылыққа қол жеткізу үшін мақсат қоямыз. Олардың кең ой-өрісі, терең кәсіби білімі болуы керек. Өйткені, олар көбінесе өз өмірлерін және техниканы қатерге тіге отырып, шұғыл жағдайларда жұмыс жасауға тура келеді. Сондықтан біз жас мамандарға патриоттық тәрбие беруге аса көңіл бөлеміз, «Рухани жаңғыру», «Туған жер» және тағы басқа мемлекеттік бағдарламалар аясында түрлі іс-шаралар өткіземіз.
Біздің жауынгерлеріміз нағыз ерлікке ұқсайтын жанкешті еңбекке дайын болуы керек. Адамдарды және олардың мүліктерін құтқаруға, өртті сөндіруге және әртүрлі төтенше жағдайларды жоюға тура келеді. Бірде-бір шақыру назардан тыс қалмауы керек. Біздің құтқарушылар кез келген қиын жағдайда өңірдің тұрғындарына көмекке келуге тиіс.
Жолдауда біздің сала үшін нақты бағдарлар айқындалған. Бұл штаттық санын оңтайландыру, құқық қорғау жүйесінің қызметкерлерін тән емес функцияларынан арылту, жалақыны көтеру, тұрғын үй және өзге де әлеуметтік мәселелерді шешу. Бірақ та қазіргі замандағы қызметкерлердің имиджіне қойылған талаптар да зор. Біздің алдымызда азаматтық қорғау қызметіне деген халықтың сеніміне ие болу міндеті тұр. Жыл сайын азаматтармен жұмыс жасаудың жаңа тәсілдерін енгіземіз, жаңа жобалар мен акциялар қабылданды, олардың шеңберінде аз қамтылған және қарт адамдардың қауіпсіз өмір тіршілігін қамтамасыз етуде көмек көрсетіледі. Екі жыл қатарынан улы газды айқындайтын датчиктерін тегін орнату бойынша жұмыс жүргізілуде. Жылу беру маусымының алдында түтін мұржаларын тазарту, пеш алдына темір қаңылтырды төсеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жылдан жылға көрнекі үгіттеу жұмысы, халыққа профилактикалық сипатындағы ақпаратты жеткізу тәсілдері жақсарылуда.
Павлодар облысы Төтенше жағдайлар аумақтық органының қызметкерлері Мемлекет басшысының халықты төтенше жағдайлардан қорғау жөніндегі біздің қызметімізді дамыту мен жақсарту үшін жаңа серпін беретін бастамасын орындау бойынша барлық шараларын қабылдайды.

Қ. БЕРТЫБАЕВ,
Павлодар қ. Төтенше жағдайлар басқармасы
бастығының орынбасары

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*