«Браконьер» заңсыздықтың жолын кесті

Таяуда Ордабасы ауданының полицейлері өткізген «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында заңсыз балық аулаған және ағаштарды кесумен айналысқан құқық бұзушыларды құрықтады.
9 қараша күні Ордабасы ауданының полицейлері жергілікті тұрғынның көлігін тоқтатып, одан балық аулау құралдары мен 32 балық, оған қоса ҚР Қызыл кітабына енген «Түркістан қаязы» балығын тәркіледі. Бұл жайт ҚР Қылмыстық кодексінің «Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ, пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен заңсыз айналысу» 339-бабымен сотқа дейінгі тергеп тексеруге жіберілді. Сотқа дейінгі тексеру амалдары жүргізілуде.
Дәл сол күні, Ордабасы ауданының полицейлері Арыс-Түркістан каналының маңынан заңсыз ағаш кесумен айналысып жатқан жергілікті ауыл тұрғынын ұстады. Полицейлер ұсталған күдіктіден жалпы салмағы 0,5 куб метр жыңғылды тәркілеген. Бір күн өткен соң Арыс өзенінің маңынан тағы бір заңсыз ағаш кескен тұрғынды құрықтады. Одан да салмағы 0,5 шаршы метр болатын жыңғылды тәркіледі. Бұл жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау» 340-бабымен сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар, Ордабасы ауданының полицейлері «Браконьер» жедел профилактикалық іс-шарасы табиғатты қорғау заңнамасы аясында 7 әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасын толтырды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*