Мақсат қысқы кезеңді қауіпсіз өткізу

ТЖ алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның «Қысқы кезеңді қауіпсіз өткізу жөніндегі іс-шараларды дайындау және ұйымдастыру туралы» отырысы өтті.
Жуырда ҚР ІІМ ТЖ комитетінде Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В. Ильиннің төрағалығымен Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның «Орталық және жергілікті атқарушы органдардың 2018-2019 жылдардың қысқы кезеңін қауіпсіз өткізу жөніндегі іс-шараларды дайындау және ұйымдастыру туралы» отырысы өтті.
Отырыс жұмысына ведомствоаралық мемлекеттік комиссия мүшелері, ІІМ басшылары мен жауапты қызметкерлері, бейнеконференция режимінде облыстар, Астана, Алматы, Шымкент қалалары әкімдерінің орынбасарлары, ТЖД және ПД бастықтары қатысты.
«Қазгидромет» РМК қыстағы алдын ала болжам бойынша қаңтар және ақпан айларында температура көп жылдық орташа мәннен 1…20С төмен болады деп күтілуде.
«Қыс-2018» республикалық командалық штабтық оқу-жаттығу барысында орталық және жергілікті атқарушы органдар бөлімшелерінің қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлардың қаупі мен туындауы кезіндегі іс-қимылдарға әзірлігі тексерілді.
Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің 2018-2019 жылдардың қысқы кезеңін қауіпсіз өткізуге дайындығы және «Қыс-2018» оқу-жаттығуының қорытындысы туралы ТЖК Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Р.Н. Амрин баяндама жасады.
Бұдан әрі қысқа дайындық бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы Энергетика министрлігі «Қазгидромет» ШЖҚ РМК, Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің басшылығы, сондай-ақ бірқатар облыс әкімдерінің орынбасарлары тыңдалды.
Отырыс қорытындысы бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшыларына жылу беру кезеңінің апатсыз өтуін қамтамасыз ету, адамдардың қаза болуын болдырмау және қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлардан болатын залалды азайту үшін сеніп тапсырылған аумақтық бөлімшелер мен ұйымдардың жұмысына тиісті бақылауды қамтамасыз ету ұсынылды.

ҚР ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*