Туған жер деп ән салды

Жуырда Астана қаласы Полиция департаменті Мамандандырылған жол-патрульдік полиция батальонының қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері арасында «Туған жерім!» патриоттық әндер байқауы өтті. Елбасының 2017 жылғы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру, сондай-ақ ішкі істер органдарының имиджін көтеру, өз кәсібін мақтан тұтуға тәрбиелеу, салт-дәстүрді сақтау және жалғастыру, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, қызметкерлерді мәдени шараларға тарту мақсатында ұйымдастырылған байқаудың мәні мен маңызы зор болғаны анық. Өнерлі балғындар мен талапты жастар бұл күні елдік пен ерлікті ұран еткен жырларды оқып, рухқа толы асқақ әндерді әуелете шырқап, тиянақты дайындықтарының арқасында көрермен көңілінен шыға білді.

Вокал номинациясы бойынша 1-орын Мамандандырылғанжол-патрульдік полициясы батальонының қызмет аға инспекторы, полиция капитаны Нұрбек Кагибаевтың қарындасы Жұлдызай Темиржановаға«Қазақ елі осындай» әнін шебер орындағаны үшін берілді. Сондай-ақ, би номинациясы бойынша 1-орынға Мамандандырылған жол-патрульдік полициясы батальонының қызмет аға инспекторы, полиция майоры БолатбекТұрлыбековтың қызы Әдина Қоныспайдың «Ұлттық биі» лайық деп танылды.
Ал, Мамандандырылған жол-патрульдік полициясы батальонының қызмет аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Асылжан Сайлаубекұлы «Сені ансаймын» әнімен 2- орынды жеңіп алды. Мұқағали Мақатаевтың «Отан» жайлы өлеңін нәшіне келтіре оқып, тыңдаушыны толқытқан Арайлым Исаева да (Мамандандырылған жол-патрульдік полициясы батальонының қызмет аға инспекторы, полиция аға лейтенантыЕрлан Исаевтың қарындасы) 2- орынға ие болды. Сонымен бірге,Мамандандырылған жол-патрульдік полициясы батальонының штаб аға инспекторы, полиция майоры Гүлжан Ильясованың ұлы Амир Алеев «Астана»әнімен,осы батальонының қызмет аға инспекторы, полиция капитаны Дәурен Еңсебаев «Арнау» термесімен 3-орынға лайық деп танылып, көрермен ықыласына бөленді. Арнайы орын алмаса да, өнерімен көрермен ықыласына бөленіп үлгергендер де назардан тыс қалмады. Мысалы, жол-патрульдік полициясы батальонының қызмет аға инспекторы, полиция майоры Болатбек Тұрлыбековтің балалары Айсұлтан, және Әдина Қоныспай «Қабырға» әнімен «Көрермен көзайымы» номинациясын иеленді.
Байқау жеңімпаздары дипломдармен марапатталды.

Рүстем БОЛАТОВ, Астана қ. ПД

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*