Қос округте жағдай тұрақты

Жыл басынан Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы 20-дан астам селолық округтегі учаскелік полиция инспекторларының жұмысын тексерді.
Бір мезгілде облыстың аудандарындағы екі селолық округте учаскелік полиция инспекторларының халық алдында есеп беруі өтіп, оған облыстық Полиция департаментінің басшылығы арнайы қатысып қайтты. Полиция генерал-майоры Берік Біләлов селолық учаскелік инспекторлардың жұмыс жағдайымен жеке танысып, олар туралы ауылдықтардың пікірін білді.
Қызылжар ауданының Бугровое селолық округінде 900-ден астам адам тұратын 5 ауыл бар. Соңғы екі жылда оларға учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Ерлан Барбанов қызмет көрсетуде. Ол облыстық Полиция департаментінің бастығы Б. Біләлов, ауданы әкімі Жанат Садуақасов пен ауыл тұрғындары алдында ұрлықтың алдын алу және әкімшілік теріс қылықтар бойынша шаралар туралы есеп берді. Жыл басынан округте 6 қылмыс тіркелген және 58 әкімшілік құқық бұзушылық ашылған. Полиция генерал-майоры Берік Біләлов ашылмаған қылмыстарды ашу бойынша жұмысты жандандыруға жалпы нұсқау берді. Соңында жергілікті «Анискиннің» жұмысы туралы Бугровое тұрғындары ойымен бөлісті.
Шал ақын ауданының Приишим селолық округінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Ринат Байсейітовтің есеп беруі де ашық түрде өтті. Повозочное, Ортакөл, Минеевка, Бірлік сынды елді мекендердегі жағдай туралы учаскелік инспектор полиция басшылығына, аудан әкімі Нұрлан Есімовке және аудан тұрғындарына хабарлама жасады. Жыл басынан Приишим округінде 190 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қылмыстар тіркелген жоқ. Повозочное селосында жергілікті ЖШС басшысы көмегімен 34 бейнебақылау камерасы орнатылып, біразы учаскелік полиция пунктіне қосылған. Облыстық полиция ведомствосының басшысы Бугровой мен Повозочныйдағы үй-жай мен учаскелік полиция пункттерінің жабдықталуын тексерді.
Сондай-ақ, екі ауылдық округте де Консультативтік-кеңесші органның төрағасы Жасұлан Ахметовтің қатысуымен азаматтарды жеке қабылдау өтті. Жыл басынан полиция генерал-майоры Берік Біләлов 20-дан астам селолық округте болып, облыстың 3 000 тұрғынымен кездесті. Көшпелі азаматтарды қабылдауда 70-ке тарта адам болды. Бұл шындығында, шалғайдағы ауылдардың полиция жұмысы туралы объективті пікірін білуге мүмкіндік береді.

Юрий КЛЫКОВ, Солтүстік Қазақстан облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*