Бүгінгі күннің батырлары

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру қызметінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Ермек Момбаевтың атына тағы да азаматтардан алғыс хат келіп түсті.
Онда қала тұрғындары Тараз қаласы №1 Өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамына өртті жою кезінде өздерінің кәсіби дайындықтары мен жылдамдықтарын көрсеткендері үшін үлкен алғысын білдіріп отыр.
Биыл 14 қазанда Өрт сөндіру байланысының орталық пункті нөміріне Тараз қаласы, Құрманғазы көшесіндегі №75 үй шатырының өртенуіне байланысты шақыру келіп түсті. Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметінің диспетчері шақыру орнына Жамбыл облысы өртке қарсы гарнизонының қажетті күштер мен құралдарын жіберді. Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер барлау жүргізіп, тілсіз жауды сөндіруге кірісті. Тараз қаласы №1 Өрт сөндіру бөлімі қызметкерлерінің кәсіби әрекеттерінің арқасында өрт дереу арада ауыздықталып, көрші үйге таралуына жол берілмеді.
Сол көрші үйлердің тұрғындары, жеке құрамға және Өрт сөндіру қызметі бастығына жолдаған алғыс хаттарында өз істерінің нағыз мамандарында үлкен алғыстарын білдіріп, олардың аты-жөндерін де атап айтады. Алғысқа бөленгендер қатарында №1 Өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары, азаматтық қорғау капитаны Жарылқасын Әміралиев, қарауыл бастығы, азаматтық қорғау капитаны Нұрбай Әшіров, бөлімше командирі, азаматтық қорғау сержанты Диас Ақсақалов, бөлімше командирі, азаматтық қорғау старшинасы Ғалымжан Дәулетбақов, өрт сөндірушілер, азаматтық қорғау кіші сержанты Мұхтар Әбілдаев, азаматтық қорғау сержанты Қайсар Балтабаев, азаматтық қорғау кіші сержанты Қуаныш Тұрғынбеков, азаматтық қорғау кіші сержанты Әділет Жанатұлы, азаматтық қорғау кіші сержанты Ернұр Ихраров, Өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі, азаматтық қорғау прапорщигі Закир Хадыходжаев бар.
Мұндай өз міндетіне адал, сын сағатта көмекке асығатын азаматтар – қоғамымыздың мақтанышы, жас буынға үлгі.

Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*