Бағдаршамдағы қызыл «қосу» белгісі

Петропавл қаласындағы Жамбыл мен Мұқанов көшелерінің қиылысына «Қосу түріндегі қызыл белгі» бар жаңа бағдаршам орнатылды. Жүргізушілер бұл жаңалыққа оң бағасын беруде.
Жамбыл мен Мұқанов көшелерінің қиылысында қарсы бағытқа қарағанда, бір бағыт бойынша бағдаршамның жасыл белгісі ұзақ жанады. Бұл жүргізушілерге Жамбыл көшесінен Мұқанов көшесіне сол жаққа кедергісіз бұрылуға мүмкіндік береді. Көбіне олар қарсы бағыттағы көліктің өтуін күтіп отырады, ал сол уақытта бағдаршамның басқа жағынан тыйым салынған белгісі жанады.
«Енді еш алаңдаудың қажеті жоқ. Егер «қызыл түсті қосу» жанса, бұл қарсы бағыттағы жүргізушілерге қозғалуға тыйым салынады, ал сол жаққа бұрылғандар үшін қарсы бағыттағы көліктің өтуін тоспай, маневр жасауына болады деген сөз. «Қосу» жанбаса – «Сақ болыңыздар!» Қарсы бағыттағы көліктерді өткізіңіздер», – деді Солтүстік Қазақстан облысының ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Жасұлан Оспанов.
Бұл «жаңа» бағдаршамның маңыздылығы туралы барлық жүргізушілер біле бермейді. Бұл белгі жол жүру ережелеріне тек өткен жылы ғана енгізілді. Ол ақпараттық сипаттағы белгі болып табылады. Жол қозғалысына тыйым салмайды, керісінше ақпараттандырып отырады. Жүргізушілер олардың уақытын үнемдейтін бұл жаңалыққа өз бағасын беріп, көше қиылысынан өту аса қолайлы болды дейді.
Петропавлда 97 бағдаршам жұмыс істейді, оның ішінде сегізінде көше қиылысында қарсы бағыттағы және бағыттас келе жатқан автокөліктерді кезекпен өткізу қарастырылған. Осы «күрделі» көше қиылыстарында жаңа қосу түріндегі белгі орнату жоспарлануда.

Солтүстік Қазақстан облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*