Құқықтық сана мен мәдениет керек

Жақында Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясында мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасы ұйымдастырған «ІІО қызметкерлерінің құқық қолдануында құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті жетілдіру» атты дөңгелек ұстел өтті.
Дөнгелек үстелге А. Байтұрсынов атындағы Қостанай заң институтының мемлекет және құқық теориясы кафедрасының меңгерушісі, мемлекет және құқық теориясы кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты, доцент С. Укин, Қостанай облысы ПД ЖПҚ аға инспекторы, полиция подполковнигі А. Давыдов, Қостанай облысы бойынша ҚАЖД Пробация қызметіне жетекшілік ету бөлімінің бастығы, әділет капитаны М. Қожагелдинов, «Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы» Қостанай филиалының директоры М. Ахметбекова, Академияның ОПҚ және қызметкерлері, біліктілігін арттыру және қайта даярлау факультетінің тыңдаушылары қатысты.
2017 жылы 12 сәуірде Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты саяси бағдарламалық мәні бар мақаласында: «Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналды», – деген ой-тұжырымы құқықтық сананы қалыптастыруда негізгі қағидатқа айналуға тиіс.
Осыған орай Елбасының 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында «құқық қорғау органдарының жұмысына терең және сапалы өзгерістер қажет» деп ерекше назар аударған. Жолдаудағы «полиция қызметкерінің жаңа стандартын бекіту», «халықпен жұмыс істеудің жаңа заманауи форматтарын енгізіп, полицияны бағалаудың критерийлерін түбегейлі өзгерту» туралы Елбасының тапсырмалары тиімді орындалған жағдайда полиция қызметкерлерінің құқықтық санасы ең жоғарғы деңгейде болары сөзсіз.
Осыған орай, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің құқықтық санасы мен құқықтық мәдениеті қазіргі таңда өзекті мәселе болып тұр. Дөңгелек үстел аясында азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етуде ІІО қызметкерлерінің құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселелері қарастырылып талқыланды. Іс-шараның негізгі бөлімі мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, полиция майоры М. Смағұловтың, әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру кафедрасының аға оқытушысы, полиция подполковнигі Қ. Төретаевтың, ҒЗО Қазақстан Республикасының пенитенциарлық қызметі мен қылмыстық атқару заңнамасының мәселелерін зерттеу жөніндегі топтың ғылыми инспекторы, полиция капитаны А. Әбдәлінің баяндамаларынан басталды. Баяндаушылар өздерінің баяндамаларында ІІО қызметкерлерінің құқықтық санасы, кәсіби дәрежесі туралы ойларын айқындады. Талқылау барысында дөңгелек үстел қатысушылары құқықтық сананың реттеу функциясын іске асыруға ерекше тоқталып, бірнеше әлеуметтік және психофизиологиялық факторларға әсер етуі арқылы қалыптасқан субъектінің заңды және заңсыз мінез-құлыққа дайындығы мен бейімділігін талқылады. Құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті күшейту ІІО қызметкерлерінің өзін-өзі тәрбиелеудегі ажырамас бөлігі болып табылатыны айтылды.
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай заң институтының мемлекет және құқық теориясы кафедрасының меңгерушісі, мемлекет және құқық теориясы кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты, доцент С. Укин, ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясының оқу-әдістемелік орталығының аға оқытушы-әдіскері, полиция майоры О. Мирвода, біліктілігін арттыру және қайта даярлау факультетінің тыңдаушылары ІІО қызметкерлерінің құқықтық саласын қалыптастыру жөніндегі теориялық мәселелерді ортаға салып, ой бөлісті. Сондай-ақ әкімшілік құқық және әкімшілік қызмет кафедрасының бастығы, PhD докторы, полиция майоры А. Смышляев, Қостанай облысы ПД ЖПҚ аға инспекторы, полиция подполковнигі А. Давыдов қарастырылған мәселенің тәжірибелік жақтарына назар аударып, өз ұсыныстарын айтты.
Дөңгелек үстелдің жұмысы пікірталас арқылы жоғары деңгейде өтті. ІІО қызметкерлерінің құқықтық қолдану қызметіндегі құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті жетілдіру мәселелері бойынша дөңгелек үстелдің нәтижесінде ұсыныстар әзірленіп, қызметте және оқу процесінде қолданылатын болды.

Құманғалы САРЫҚҰЛОВ,
Әсел АҚЫЛБЕКОВА, Қостанай қаласы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*