Диспетчерлік – аса жауапты жұмыс

Біз балалық шағымызда ұшқыш, дəрігер, ғарышкер болуды армандайтынбыз… Жылдар өтіп, әр бала өз себептері мен жағдайларына байланысты өзінің жеке өмір жолын таңдады.
Өртке қарсы қызметтің диспетчер мамандығы – қиын да аса жауапты жұмыстардың бірі. Диспетчерлік пультінде кезекшілік кезінде ондаған жүздеген қоңырау келіп түседі, ондаған мәлімет жазылады. Диспетчердің жұмысында ең бастысы – өрт сөндіру күштері мен құралдарды дұрыс бөлу. Диспетчер байланыс құралдарын, өрт сөндірушілердің техникалық деректерін, шығу аймағындағы объектілердің сипаттамаларын жақсы білуі керек.
Гүлсім Ахметова жастайынан осы қызметті қаласа керек, осы күнге дейін диспетчер пультінде 10 жылдан астам жұмыс істеп келеді. Тағдыр оны өрт сөндіру қызметіне 2005 жылы әкелді. Басынан бастап Гүлсім Науырзым ауданының №14 Өрт сөндіру бөлімінде старшина лауазымында жұмыс істеді. Бөлімнің шаруашылық өміріне жауап болды. Ал бірнеше жылдан кейін оған Қостанай қаласындағы №3 Өрт сөндіру бөлімінде радиотелефоншы жауапты жұмысын сеніп тапсырды. «Әрдайым өрт сөндірушілерді қиындықтарға жіберген сайын өзіме орын таба алмаймын, әріптестеріме алаңдамаймын. Олардың бәрінде жинақтаған жұмыс өтілі, тәжірибе және шеберлік бар. Бірақ, тілсіз жау күтпеген жерден қауіп төндіреді», – дейді біздің кейіпкеріміз.
– Бірінші рет өте қиын болды, әсіресе моральдық жағынан, – деп Гүлсім есіне алады. – Әрбір өртті, әрбір қайғыны жүрекке өте жақын қабылдадым. Мұндайға біздің жұмысымызда жол бермеген жөн. Олай болмаған жағдайда, ауыртпалықтардың бәрі жанға батып, ауырып қалуыңыз да ғажап емес. Ұзақ уақыт бойы өзімді мәжбүрледім, еркін ұстауға үйрендім. Эмоцияны келесі күнге дейін жұмыста қалдыруға тырыстым…
Гүлсімнің екі әдемі баласы өсіп келеді. Жұбайы Қостанай қаласындағы №2 Мамандырылған өрт сөндіру бөлімінде өрт сөндіруші болып жұмыс істейді. Қазір Гүлсімнің отбасы осы салада істейтіндіктен, ол өз өмірін тек төтенше жағдайлар саласымен ғана байланыстырады.
«Маған өз жұмысым ұнайды. Істеп жатқан жұмысымның бәрі көңілімнен шығады. Әсіресе, өртті сәтті өшіріп, осы іске өзімнің де кішкене болса да үлесім барын сезіну бақыт. Мұны сөзбен айтып жеткізу де қиын», – дейді кейіпкеріміз.

Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*