Алтынсарин музейінен алған әсер

Болашақ полиция қызметкерлерінің бойында Отан алдындағы патриоттық сезімін, туып-өскен жеріне деген махаббатын ояту мақсатында арнайы алғашқы оқыту курсының 2 және 4 взвод тағылымдамашылары әлеуметтік және жалпы құқықтық цикл оқытушысы, полиция аға лейтенанты А. Қадырова және криминалистика және арнайы техника циклының оқытушысы, полиция аға лейтенанты Ш. Жиеншенованың жетекшілігімен Ыбырай Алтынсарин атындағы музейге барды.
Қазақ елінің алғашқы ұстазы, дара да дана тұлғасы Ыбырай Алтынсарин бабамыздың мұражайының табалдырығын аттап басқан сәттен қасиетті шаңырақтың көркемдігіне сүйініп, таңдандық. Мұражай қызметкерлері тағылымдамашылар назарына түрлі жәдігерлерді ұсынып, мәліметтер берді.
Экскурсия жетекшісі Ы. Алтынсариннің киелі ғұмыры, қазақ халқының жарқын болашағы үшін жасап кеткен ұлы баға жетпес еңбегі, қызмет жолы, құнды шығармашылықтары жайында баяндап берді.
Тағылымдамашылар мұражайға саяхат барысында өздеріне көп мағлұмат алды. Қостанай облысының тарихымен және атақты өкілдерімен танысып қайтты.

Ш. ЖИЕНШЕНОВА, Қостанай қаласы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*