«Хан Шатырдағы» үгіт-насихат

Астана қаласы ПД Жергілікті полиция қызметінің ювеналдық полиция қызметкерлері жаяу жүргіншілер зардап шегетін жол-көлік оқиғаларының алдын алу, елорданың көшелері мен жолдарында балалардың қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ, балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін сақтауды насихаттауға, жарақаттанудың алдын алуға бағытталған үгіт-насихат акциясын өткізді.
«Абайлаңыз: жаяу жүргінші» жедел алдын алу іс шарасы аясында «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығында өткен іс-шараның негізгі мақсаты – жаяу жүргіншілердің көшеде жүру мәдениетін көтеру, сондай-ақ, жүргізушілердің жаяу жүргіншілерге назары мен құрметін арттыру.
Үгіт-насихат іс-шарасы барысында ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлері және жол қозғалысының жас инспекторлары жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша викториналар, ойындар және кәмелетке толмағандармен әңгіме жүргізді. Акцияға балаларды сауықтыру үшін аниматорлар, аквагрим суретшілері шақырылды. Акция барысында елорда тұрғындары мен қонақтарына жадынамалар, буклеттер, шарлар, жарық шағылыстыратын білезіктер мен брелоктар сыйға берілді.

Астана қаласының ПД Жергілікті полиция қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*