Тәжірибелі сақшылар – тыныштық тірегі

Қаланың орталық стадионында жеке құрамның, сонымен қатар, ту ұстаушы және сап құраушы топтардың қатысуымен дәстүрлі саптық байқау өтті.
Іс-шараны Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіров басқарды.
Департаменттің басшылық құрамы ішкі істер органдары қызметкерлерінің қызметке дайындығын, қысқы формалық киімнің сәйкестігін, қызметтік куәліктер мен жеке жетондарын тексерді. Басты назар саптық бөліністер қызметкерлерінің нысанды киіміне бөлінді. Себебі, бұл қызмет өкілдері үнемі шептің алдында жүріп, халықпен тығыз қарым-қатынаста болады.
Байқау барысында басшылар қызметтік автокөліктердің де жағдайын тексерді. Сондай-ақ, жеке құрамға қызмет атқару барысында азаматтардың құқықтарын сақтау талаптары түсіндірілді.
Байқау қорытындысын шығарған департамент бастығы құқық тәртібі сақшыларының қызмет атқаруға деген дайындығына оң баға беріп, біздің өңір тұрғындарының тыныштығы нағыз кәсіби мамандардың қорғауында екенін айтып өтті. Саптық байқау әскери оркестр сүйемелдеген салтанатты маршпен аяқталды.
Іс-шара аяқталысымен полицейлер құқық тәртібін қорғау бойынша міндеттерін орындауға кірісіп кетті.
Мұндай саптық байқаулар департаментте жылына екі мәрте, яғни көктемде жазғы нысанды киімге ауысқанда және күзде қысқы нысанды киімге ауысу кезінде өтіп тұрады.

Павлодар облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*