Құтқарушылар қан тапсырды

Жуырда Өрт сөндіру қызметінде «Донор күні» арнайы акциясы өтті.
Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы қызметкерлері қалалық ТЖ департаментінің және Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлерінен донорлық қан алды. Барлығы 50-ге жауық адам донор болды.
Қан тапсырып, көмек беруге департаменттің және Өрт сөндіру қызметінің басшылығы мен жеке құрамы келді. Азаматтық міндеттерін орындауға тәжірибелі құтқарушылардан басқа Өрт сөндіру қызметінің жас қызметкерлері де ниет білдірді. Олардың басым бөлігі алғаш рет қан тапсырса да, бұл іске жауапкершілікпен келген.
Қан және қан өнімдерін құюдың арқасында жыл сайын миллиондаған адамның өмірі құтқарылады, адам өміріне қауіп келтіретін жағдайы бар емделушілердің өмірі ұзарады. Мамандардың айтуынша, қан тапсыру донордың өз денсаулығына да пайдалы. Донорлық ағзаның қан-тамырларын реттеп, иммундық жүйесін нығайтады.
Осылайша, астаналық құтқарушылар тек төтенше жағдайларда ғана емес, ауру адамдарға қан тапсырумен да олардың өмірін құтқаруға атсалысып келеді.

Астана қаласы ТЖД ӨС және АҚЖҚ

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*