Басты бағдар – ашықтық пен айқындық

Полиция қызметкерлері халыққа қызмет етуде азаматтардың мүдделерін қылмыстық және құқыққа қайшы әрекеттерден қорғауды мақсат ете отырып, құқық бұзушылықтардың алдын алу, қылмысқа қарсы күрес, қоғамдық тәртіпті сақтау, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету сияқты міндеттерді басшылыққа алады. Осыған сәйкес, ол үнемі халықпен тікелей байланыста.
Полиция жұмысының ашықтығы – азаматтардың ішкі істер органдарына деген сенім деңгейін арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі. Осыған орай, республикамызда әйнектен жасалған тұңғыш аймақтық полиция пункті Теміртау қаласының Полиция басқармасы Шығыс полиция бөлімі қызмет көрсететін аумақта ашылып, жұмысын бастап кетті.
Әйнек түріндегі полиция пунктін құрудың негізгі мақсаты – полиция қызметкерлеріне деген сенім, олардың күнделікті жұмысының халық алдындағы ашықтығы мен айқындығы. Жаңадан ашылған аймақтық пунктте Шығыс полиция бөлімі ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторлары, кәмелетке толмағандар жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, Пробация қызметінің қызметкері және де жол-патрульдік полициясы бөлімшесі қызметкерлері орналасады.
Осы жасалып жатқан барлық шара тек халықтың ішкі істер органдарына деген сенімінің өсуіне ғана ықпал етіп қана қоймай, сонымен бірге, өз ісіне берілген адал және лайықты қызметкерлерді көтермелеуге ықпал етпек.

Айжан ӨСЕРБАЕВА, Теміртау қаласы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*