61 есірткі сайты жабылды

Полицейлерді синтетикалық есірткілерді тарату мәселесі көбірек алаңдатуда. Петропавл қаласының ПБ Есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері қаланың балалар мен жасөспірімдер клубтары қызметкерлерімен «дизайнерлік» психикалық белсенді заттардың тарапынан туындаған қауіп туралы әңгімелеу мен қарсы күресудің жолдарын белгілеу үшін кездесу өткізді.
Петропавл қаласының ІІБ ЕБҚКб бастығы, полиция майоры Дулат Мұхаметрахимовтың айтуынша, соңғы жылдары бұрыннан қолданыстағы «есірткіні» синтетикалық заттар біртіндеп ығыстыруда. Кездесу оларды қолданудың ауыр салдары «Соли и спайсы. Дорога в никуда» фильмін көрсетуден басталды. Арнайы шақырылған нарколог-дәрігер Наталья Потютько клубтардың ұйымдастырушы ұстаздарына «синтетикалық» нашақорлар бір жылдың ішінде адамды қалай бұзатындығы туралы нақтырақ айта кетті. Ол жасөспірімнің кенеттен мінез-құлқының өзгеруі, оның «дизайнерлік өсімдікті» татып көргенін куәландыратындығы туралы түсінік берді. Есірткілік мас күйде болудың белгілерін байқаған жағдайда бірден дәрігерлерге жүгіну қажеттігін айта кетті.
«Азаматтық қоғаммен тығыз қарым-қатынас жасамай, синтетикалық есірткі мәселесін шешу мүмкін емес, – дейді Дулат Мұхаметрахимов. – Қауіп аймағында – жастар мен балалар. Есірткі сатушылар еш нәрседен тайсалмайды. Олар психикалық белсенді заттарды сату бойынша интернет-сайттар құрады, кез келген бала смартфон арқылы «спайсқа» тапсырыс бере алады. Есірткіге тәуелділер кезекті «дозаны» алу үшін жастар көп жиналуы мүмкін жерлерді таңдай отырып, үйлердің қабырғаларына осындай сайттардың мекенжайларын жазады. Мұның бәрін жасөспірімдермен жұмыс жүргізген кезде ескеру қажет. Ал үйлердің қабырғаларында трафаретпен жазылған интернет-мекенжайларды көргенде оны бояп тастаған жөн. Сонымен қатар, қауіптің қаншалықты зор екендігін сезіне бермейді. Ақпараттық жұмыс жүргізу, сондай-ақ, құқықтық тәртіпті қорғау органдарының ұстаздар және дәрігерлермен ынтымақтастығын іс жүзінде іске асыру қажет».
Қазіргі заманда балалардың нақты және виртуалды қоршаған ортасын бақылап отыру қажет. Мектептен тыс білім беруді ұйымдастыру – осы мәселені шешуде жақсы жәрдем. Бүгінде Петропавлда 21 балалар мен жасөспірімдер клубы жұмыс істейді, онда 4 мыңдай бала жаттығады. Полицейлер олармен өзара іс-қимыл жасасу өскелең ұрпақтың өмірі мен денсаулығын сақтауға көмегін тигізетіндігіне сенеді.
Жыл басынан солтүстікқазақстандық полицейлер есірткі сатушылардың 61 сайтын бұғаттады.

Солтүстік Қазақстан облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*