Айыппұл салу – басты мақсат емес

29 қазаннан бастап өңір жолдарында «Назар аударыңыз: жаяу жүргінші!» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Жергілікті полиция қызметі жүргізушілер тарапынан жаяу жүргіншілер жолағынан өту кезінде, сондай-ақ, жаяу жүргіншілердің тарапынан болатын бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмысты жандандырды.
Жыл басынан облыс орталығы жолдарында жаяу жүргіншілер зардап шеккен 26 жол-көлік оқиғасы тіркелген, оның нәтижесінде 1 адам қаза тауып, 74 адам жарақат алған. Оқиғалардың жартысы жаяу жүргіншілердің өз кінәсінен болған. Жол үстіндегі кез келген жан ЖКО құрбанына айналуы мүмкін. Сондықтан да тәртіп сақшыларының басты міндеті – адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Солтүстік Қазақстан облысының ПД ЖПҚ бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Арыстан Сұлтанғазиевтің айтуынша, жедел-профилактикалық іс-шара басталған кезде облыс жолдарында ЖЖЕ бұзған 682 жайт анықталды. Оның ішінде 21-і – жаяу жүргіншілер жолағынан өту қағидаларын бұзу. Көше қиылыстарынан өту қағидаларын бұзған 7, мас күйде автокөлікті басқарған 7, сондай-ақ, жаяу жүргіншілердің тарапынан болған 108 факт тіркелген.
Жаяу жүргіншілердің ең басты қателіктері – жолды бағдаршамның тыйым салынған сигналына өтуі, тұрған көлік құралынан күтпеген жерден шығуы, жаяу жүргіншілердің жүріс бөлігі бойынша қозғалуы. «Назар аударыңыз: жаяу жүргінші!» жедел-профилактикалық іс-шарасы 2 қарашада аяқталды.
Айыппұл мен жаза салу – полицияның басты мақсаты емес. Ең бастысы – жол үстіндегі барлық адамға тәртіп ережелерін қатаң сақтау қажеттігін түсіндіріп, жеткізу.

Солтүстік Қазақстан облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*