Қан тапсыр, өмірлерді құтқар!

Cолтүстікқазақстандық полицейлер «Қан тапсыр, өмірлерді құтқар!» қайырымдылық акциясына қатысып, донорлық қан қорын толықтырды. Акцияға қатысқандардың арасында полицейлер, «Нұр Отан» партиясының мүшелері, еріктілер болды.
Тәртіп сақшылары облыстық Қан орталығының қадірлі қонақтары болды. Үнемі медициналық тексерістен өту донорлардың денсаулықтарының мықтылығына және қан құю кезінде берілетін аурулардың болмауына кепілдік береді.
ҚР Қызыл ай филиалының директоры Сәуле Оразованың айтуынша, бір донор 450 мл қан тапсырады. «Бір күнде 75 адамның қан тапсыруы жоспарлануда. Қан орталығы базасы барлығы 33л 750мл қанмен толығатын болады, қатысқандарыңызға ерекше қуаныштымыз әрі алғыс білдіреміз», – дейді ол.
Полицейлер күн сайын қауіпке қарсы тұрып, жол-көлік оқиғалары мен жазатайым оқиғалардың құрбандарына донор қаны қажет екендігін өзгелерден артық біледі. «Бүгін департамент қызметкерлері Президенттің ұлт денсаулығы туралы бастамасын қолдап, ұйымдасқан түрде қан тапсыруға келді. Әсіресе, жол-патрульдік полициясы қызметкерлерін ерекше атап кеткен жөн. Мұқтаж жандарды қолдау үшін толықтай жеке құрам мен кезекшіліктен кейін де қызметкерлер Қан орталығына келді», – деп тоқтала кетті Солтүстік Қазақстан облысының ПД Кадр жұмысы басқармасының бастығы, полиция полковнигі Наталья Калинина.
Тек түске дейін облыстық Қан орталығына 60-тан астам офицер мен сержант барды. Ал күні бойы 80 полицей қан тапсырды. Олардың арқасында қан банкі 40 литрге жуық қанмен толықты. Адам өмірін қорғайтын погон таққан адамдар үшін қайырымдылық акциясына қатысу – күнделікті қызметінің жалғасы.

Солтүстік Қазақстан облыстық ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*