Академиядағы күзгі бал

Табиғаттың ерекше құбылып, айнала сары түске боялып, қамбамыз астыққа толатын берекелі мезгіл күз келуіне орай ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясында күндізгі оқыту факультетінің 1-3 курс курсанттары арасында «2018 жылдың Күзгі Ханшайымы мен Ханзадасы» байқауы ұйымдастырылды.
Бұл сайыс жыл сайынғы күзгі бал ретінде ұйымдастырылады. Күзгі бағдарламаның қадірлі қонағы ретінде Академия бастығы, полиция генерал-майоры Мирлан Қызылов шақырылды. Бағдарлама төрт кезеңнен тұрды: «Таныстыру», «Шығармашылық нөмір», «Кешкі көйлектер дефиле-көрсетілімі» және «Жемістерден жасалған күзгі композиция».
Бірінші кезеңде курсанттар музыкалық сүйелмелдеумен бейнероликтерді тамашалады. Екінші кезең бойынша үй жұмысы ретінде қатысушылар өз қиялымен дайындаған әртүрлі нөмірлерін көрсетуге мүмкіндік болды. Үшінші кезеңде курсанттар күз тақырыбы бойынша өз қолымен тіккен көйлектерін жасап көрсетті. Төртінші кезеңде көрермендер жемістерден жасалған күзгі композицияларды тамашалады.
Байқаудың негізгі мақсаты бойынша күндізгі оқыту факультетінің сайысқа қатысқан 1-3 курс курсанттары арасынан 2018 жылдың Күзгі Ханшайымы мен Ханзадасын таңдалды. Барлық тамашаланған концерттік нөмірлер күз тақырыбына арналып, ғажайып түрде ұсынылды.
Қазылар шешімі бойынша 2018 жылдың Күзгі Ханшайымы мен Ханзадасы аталымына 2-курс курсанттары Лашын Ерболат пен Айжан Абуғалиева лайық деп танылды. Байқау қатысушылары I, II, III орын грамоталарымен марапатталды.

Д. ӘЛЖАНОВА, Қостанай қаласы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*