Астана ауданындағы шаралар

Тәртіп сақшылары Ақтөбе қаласының Астана ауданына қарасты селолық округтерге барып, тұрғындармен кездесті.
Бұл жолы адам көп шоғырланатын маңызды әлеуметтік нысандардың террористік тұрғыдан қорғануына, нысандардың талапқа сай болуына баса назар аударылды.
Ақтөбелік полицейлер «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында қаладағы бірқатар оқу орындары, орта мектептер мен мемлекеттік мекемелерді аралауда.
Олар шара басталған бес күн ішінде оқу орындарының оқушылары мен студенттеріне, мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне арнап тренинг өткізді.
Мәселен, Ақжар, Қызылжар селолық округтарындағы орта мектептер мен Ақтөбе облыстық арнайы мамандандырылған көппрофильді мектеп-интернатында, темір жол колледжінде кездесу өтіп, оқушылар мен мұғалімдерге «Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу шаралары туралы» түсінік беріліп, кездесуде жасөспірімдердің көкейіндегі сауалдарға жауап берілді. Сонымен қатар, төтенше жағдай болған кезде қалай сақтануға болатындығы, алдын алу шаралары тәжірибелік жаттығулар арқылы көрсетілді. Жалпы 5 күн ішінде 95 шара өтіп, 8185 адам қамтылды. Сондай-ақ, 6800-ден астам ақпараттық парақшалар үлестіріліп, әлеуметтік сауалнама жүргізілді.
Бұл жолы Ақтөбенің Астана ауданы аумағындағы оқу орындарымен қатар, ірі сауда орындары, Жаңақоныс, Құршасай елді мекендеріндегі орта мектептер және «Айна», «Нұрдәулет», «Алтай» сауда орындары мен жедел жәрдем ауруханасы ұжымымен де кездесулер өтіп, төтенше жағдай болған кезде қалай қорғану, сақтану шаралары үйретілді.
Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету шарасы аясында мемлекеттік мекемелер қызметкерлері арасында да лаңкестік жағдайда қалай қимылдау, алдын алу шараларына арналған психологиялық тренингтер өтті.
Іс-шара барысында Ақтөбе қаласының Астана ауданына қарасты террорризм тұрғысынан осал нысандарды талапқа сай қорғау шараларын жасау бойынша 15 мекеме жетекшісімен кездесулер өтті. Ғимараттардың лаңкестік қауіптен қорғану шараларын талапқа сәйкестендіру мақсатында кәсіпорын жұмысшылар мен мекеме қызметкерлері арасында қалай қорғану амалдары да тренинг арқылы үйретілді. Нысандардың инжерлік-техникалық қауіпсіздігі, күзет қызметтерінің даярлығы, сыртқы және ішкі қоршаулары мен кіре-беріс есіктерінің беріктігі де талапқа сай болу керектігі түсіндірілді.
Іс-шара барысында «Мигрант», «Қару» және «Жасөспірім» жедел профилактикалық шаралары да қолға алынды. Мәселен, «Мигрант» шарасы аясында 27 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*