Ардагерлерге арналған құрмет

Орал қаласының Полиция басқармасындағы түрлі мәдени шаралардың ұйытқысы болып, ұйымдастырушылық жұмыстардың басы-қасынан табылатын Ардагерлер кеңесі қазан айының соңғы күндерінде тағы бір шара ұйымдастырды.
Басқарманың мәжіліс залына Ардагерлер кеңесінің белсенді мүшелері мен ардагерлер, жас қызметкерлер жиналды. Аға буын өкілдерінің алдында алғаш сөз алған Орал қалалық ПБ Ардагерлер кеңесінің төрайымы, милиция майоры Клавдия Қуанышқалиева өмірлік тәжірибесі мол ардагерлердің өнегелі қызмет өтілі жайында әңгімеледі. Жас қызметкерлер сұрақтарын қойып, еркін сөйлесуге зор мүмкіндік туды.
Кездесудің салтанатты бөлігінде Жексен Қойбағаров, Еділхан Жұмашев, Еркінғали Айдыналиев сынды ардагерлерге медальдар тапсырылды. Одан әрі Клавдия Саматқызы үш ардагерге қылмыстық іздестіру мерейтойына арналып баспадан жаңадан басылып шыққан кітап пен облыстық ПД Ардагерлер кеңесінің төрағасы, милиция полковнигі Ж. Адаевтың атынан «Алғыс хат» табыстады.
Кездесу барысында ардагерлер естеліктер айтып, жастарға ақыл-кеңестерін берді. Өңірлері тағы бір медальмен толыққан ардагер ағалар естелікке суретке түсіп, алдағы аптада басқармада бас қосуға уағдаласып тарқасты.

Гүламан ИСМАҒҰЛОВА, Орал қаласы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*