Алаңдағы тартысты ойын

Ғ. Мүсірепов ауданындағы Новоишим селосының «Құлагер» денешынықтыру-сауықтыру кешенінде мемлекеттік органдардың және құқық қорғау қызметтері арасында футзал бойынша спорттық жарыс өтті.
Өртке қарсы қызметтің, Полиция бөлімінің, темір жол ұйымының, аудандық әкімдіктің құрама командалары арасында тартысты ойын ұйымдастырылды. Турнир қорытындысы бойынша 1-орынды теміржолшылар, 2-орынды Полиция бөлімі, 3-орынды аудан әкімдігі аппараты иеленді.
Бұл шара төтенше жағдайлар қызметкерлерін саламатты өмір салтына баулуға бағытталған жақсы қадамдардың бірі болды.

Әмір БЕКЧЕНТАЕВ, Солтүстік Қазақстан облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*