Білектілер бақ сынады

Жуырда Атырау қаласының Жеңіс саябағында Атырау облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ құрылымдық бөлімшелері арасында функционалды өрт көпсайысынан (өрт сөндіру кроссфиті) облыстық чемпионат өтті.
Ашылу салтанатында қатысушылар алдында Атырау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Абдулқапар Жұманов, қалалық әкімдіктің өкілі Талғар Хабибулин және Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейітжан Дүйсекенов сөз сөйледі. Ол қатысушыларды айтулы оқиғамен құттықтап, жоғары спорттық жетістіктер мен жеңістер тіледі.
Байқау бағдарламасы күрделілігімен және әртүрлілігімен ерекшеленді. Қатысушылар 11 күштік жаттығу, соның ішінде салмағы 24 кг болатын гірді қолды бүкпей бастан жоғары көтеру, жүгіру, дөңгелектерді итеру, өрт сөндіру жеңдерін жаю мен қысымды тетіктерін жалғастыру, 32 кг гірді тасымалдау, тіпті автомобильді 30 метрге дейінгі арқанмен қозғау тапсырмаларын орындады.
Жекелей есепте 16-ӨСАҚБ командасының өкілі, жүргізуші Бейбіт Бохатов топ жарып, Құрманғазы ауданы 7-ӨСБ аға өрт сөндірушісі, азаматтық қорғау сержанты Ерсейіт Бралин екінші, «Болашақ» МЕӨҚҚ өрт сөндірушісі Мейірбек Катапов үшінші орындарды иеленді.
Чемпионат қорытындысы бойынша Индер ауданы №5 ӨСБ командасы үздік деп танылып, екінші жыл қатарынан жеңімпаз атанды. Екінші орынды Өрт-құтқару спорты командасы, үшінші орынды Құрманғазы ауданы 7-ӨСБ иеленді.
Барлық қатысушыға чемпионатқа белсенді қатысқаны үшін мадақтамалар, бағалы сыйлықтар берілді.

Атырау облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*