Академия ардагерлерінің ризашылығы

ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясы ішкі істер органдарына кәсіби маман дайындап келе жатқан жоғары оқу орындарының бірі. Ол 1971 жылы 1 қараша күні кіші және орта басшылық құрамды даярлайтын облысаралық мектеп ретінде ашылып, бүгінгі таңда іргелі академияға айналған.
Академияның тарихындағы екі ірі тарихи оқиғаны атап кетуіміз қажет. Олар: 1997 жылғы 1 наурызда Президент Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай жоғары мектебіне оқу орны Туының табыс етілуі және 16 шілдеде елдегі ішкі істер органдары үшін жоғары білікті мамандарды сапалы дайындау бағытындағы педагогикалық ұжымның жұмысына жоғары баға беріп, құрметті қонақтар кітабына «Қостанай жоғары милиция мектебінің қызметкерлеріне және тыңдаушыларына Отанға адал және мінсіз қызмет етуін тілеймін» дейтін тарихи жазба естелігін қалдыруы.
Осылайша оқу ордасы 1 қараша күні оқу орнының құрылу күніне қоса Академия ардагерлерінің күнін де атап өтеді. Тарихы бай білім ордасында Академия ардагерлерінің курсанттарды отансүйгіштікке тәрбиелеуде, яғни талап пен тәрбие арқылы жақсы жетістіктерге қол жеткізуде алатын орны ерекше. Олар аға буынның жастарды тәрбиелеуде, өз өмірін қылмыспен күресуге арнаған болашақ тәртіп сақшыларын құқықтық тәртіпті сақтауға, патриоттыққа, адамгершілікке және кәсіби шеберлікке тәр¬биелейді және өздерінің өмірлік тәжірибелерімен ақыл-кеңестерін беріп отырады.
Білім ордасының басшылығы, профессорлық-оқытушылар құрамы, курсанттар ардагерлерімізге жан-жақты көңіл бөліп құрмет көрсетеді, жыл сайын мерекелік іс-шаралар өткізеді.
Ардагерлеріміз Б. Мұқажанова, Б. Шынарбаев, Е. Мұқажанов, Б. Болотских, А. Комамбаев, А. Калашников, Ж. Байназаров өздерінің тарапынан Академияның басшылығына, профессорлық-оқытушылар құрамына, курсанттарға жылы сөздерін білдіріп, Академия бастығы, полиция генерал-майоры Мирлан Қызыловқа алғыс хатын жіберді.
«Академияның қызметкерлері мен курсанттары біздер үшін жыл сайын мерекелі концерт ұйымдастырып, бізді сый-құрметке бөлейді. Академияда ардагерлер үшін барлық бағыттарда жасалып жатқан іс-шараларға әрдайым зор үлес қосып отырасыз. Сіздің болашақ жастарды тәрбиелеуде, білім беруде, нағыз ержүрек, батыл да қамқоршы, Отанын қорғайтын, адал қызметкерді тәрбиелеу бағытындағы тікелей жұмысыңыз баға жетпес еңбек деп білеміз. Сіздерге еңбек жолдарыңызда табыс, зор денсаулық, барлық бастамаларыңызға сәттілік, бейбітшілік өмір және туған жеріміздің гүлдене өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңізге мол табыс тілейміз!», – делінген хатта.

Орынбасар УАҚПАЕВА, Қостанай қаласы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*