Үздік сақшылар марапатталды

Астана гарнизоны бойынша күзет қызметі бөліністері қызметкерлерінің қыстық нысанды формаға ауысуына байланысты саптық байқау өтіп, жас буындар ант қабылдады.
Ант қабылдау рәсімі аяқталған соң, полиция органдары арасында өткен спартакиаданың қорытындысы бойынша командалар сый-сияпатқа бөленді. Биыл Әкімшілік полиция комитетінің бұйырғына сәйкес, Астана гарнизонындағы күзет қызметі бөліністерінің қызметкерлері арасында спорттың 4 түрінен, атап айтсақ, жауынгерлік қару атудан, суда жүзуден, полицейлік эстафетадан және шағын футболдан жарыстар ұйымдастырылған болатын. Осы спартакиаданың өткізілуі мен ұйымдастырылуына зор үлес қосқандары үшін Астана қаласы күзет қызметі басқармасының қызметкері Н. Қожанов, Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкінің қызметкері А. Абайұлы, Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкінің қызметкері Д. Сәрсембаев Әкімшілік полиция комитетінің дипломдарымен марапатталды.
Ал спартакиада аясында өткен «Жыл спортшысы» атағына Астана қаласы күзет қызметі басқармасының орталық аппаратынан Н. Нұртазина, Астана қаласы күзет басқармасынан М. Ахынов, Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкінен Д. Бұхарбаев, Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкінен Р. Алиасқар сияқты қызметкерлер ие болды.
Жалпыкомандалық есепте 3-орынға ие болғаны үшін Астана қаласы күзет қызметі басқармасы Әкімшілік полиция комитетінің дипломымен және арнайы кубогымен марапатталса, 2-орынға ие болғаны үшін Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкі, спартакиаданың Бас жүлдесіне Күзет қызметінің орталық аппарат басқармасы ие болды.
Қанжығасы майланғандарды Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті Күзет қызметін бақылау басқармасының бастығы, полиция полковнигі Н. Сүйіндіков құттықтап, жеңімпаздардың алдағы уақыттарда да бағындырар белестерінің көп бола беруін тіледі.
Сондай-ақ, саптық байқау бойынша үздік бөліністерге ерекше сый-құрмет көрсетілді. Саптық байқаудың өткізілуі мен ұйымдастырылуына үлес қосқаны үшін Әкімшілік полиция комитетінің дипломдарымен Астана қаласының №8 Балалар мен жасөспірімдер спорттық мектебінің директоры Ербол Қошанов және осы мекеменің қызметкерлері Берік Маржықпаев пен Мейрам Нұртазин марапатталды.
Астана қаласы күзет қызметі басқармасының, Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкінің, Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкінің қызметкерлері Сәкен Қайрамбаев, Мұрат Төлеубаев, Төлеген Әбдиевтер де сыйдан кенде қалған жоқ.
Ал саптық байқау бойынша жаяу тәртіпте сап түзеуден 1-орынға Астана қаласы МКҚБ 1-полиция батальоны, 2-орынға ІІМ Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкінің 1-полиция батальоны, 3-орынға ІІМ Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкі 2-полиция батальоны ие болып, өз шеберліктерін танытты.
Саптық жарыстың ұжымдық үйлесімділік және ән байқауы бойынша алғашқы орынға Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкінің 2-полиция батальоны ие болса, екінші және үшінші орынды Үкіметтік мекемлерді күзету жөніндегі полиция полкінің 4-полиция батальоны мен Астана қаласы МКҚБ 3-полиция батальоны еншіледі.
Шара соңында полиция майоры М. Бекмұханбетов: «Астана гарнизоны бойынша күзет қызметі бөліністерінің жас қызметкерлерінен ант қабылданып, саптық байқау өткізілді, анықталған кемшілктердің нәтижесі анықтамен баяндалады», – деді.

Бауыржан БЕРІКҰЛЫ, суретті түсірген Бек ИМЕКЕШОВ

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*