Ұшқышсыз аппарат қолданыла бастайды

ІІМ ТЖ комитеті және БҰҰ Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) халықтың осал топтарына назар аудара отырып, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мақсатында ұшқышсыз авиацияны дамыту бойынша 2018-2020 жылдарға арналған өзара түсіністік туралы Меморандумға және жұмыс жоспарына қол қойды.
Аталған құжаттарға қол қою ТЖ комитеті мен ЮНИСЕФ-тің қазақстандық балалар мен елдің ересек тұрғындарының өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өзара тиімді кезекті жобасы болып табылады.
Қазақстанда төтенше жағдайларда әртүрлі міндеттерді орындау үшін ұшқышсыз ұшу аппараттарын (БПЛА) пайдалануға үлкен қажеттілік бар. Тесттік дәліздер шеңберінде БПЛА сынақ ұшулары үздік технологияларды таңдауға және оларды ТЖ комитетінің міндеттерін шешу үшін қолдануға мүмкіндік береді. Өз кезегінде, бейбіт мақсатта ұшқышсыз авиацияны дамыту ЮНИСЕФ-тің негізгі міндеті – балалардың, жасөспірімдердің, жастардың денсаулық, қауіпсіздік, жан-жақты даму құқықтарын қорғау болып табылады.
Тест дәліздері еліміздің екі аймағында: солтүстігінде және оңтүстігінде орналасқан. Бұл әртүрлі жағдайларда және климата ұшқышсыз технологияларды сынауға мүмкіндік береді. Эксперименттік тестілеу мынадай мақсаттарды көздейді:
– далада (солтүстік дәліз) немесе тауларда (оңтүстік дәліз) адамдарды құтқаруға қатысу және іздеу;
– су тасқыны кезінде (солтүстік дәліз) және көшкіні/қар көшкіні (оңтүстік дәліз) кезіндегі учаскелердің орналасқан жері және картаға түсіру, соның ішінде залалды бағалау;
– ТЖ, әсіресе қиын жерлерде уақытша байланыс желілерін (GSM және/ немесе Wi-Fi) жедел құру;
– халықаралық/аймақтық үйлестіру жағдайында шалғай аудандарда орман өрттерінің ошақтарын анықтау және карталау.

ІІМ ТЖК баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*