Халық қалаулысы қалалық департаментте

12 қарашада «Елдегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жай-күйі және шаралары туралы» тақырыбында өтетін Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатына дайындық шеңберінде Парламент Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Балайым Кесебаева департаменттің ұжымымен кездесті.
Кездесуге, сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Бауыржан Қуанышбеков, Шымкент қаласы, Абай ауданы әкімінің орынбасары Талғат Қасымбеков қатысты.
Қалалық ТЖ департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Н. Дербісов Парламент депутатына Шымкент қаласындағы №1 Мамандандырылған жасақтың базасында өрт сөндіру бөлімдерінің материалдық-техникалық базасын таныстырды.
Содан кейін жиналыс залында азаматтық қорғау полковнигі Нұрболат Дербісов департаменттің қызметін үйлестіру және азаматтық қорғаудың басқа бөлімшелерімен, мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерімен, ерікті өртке қарсы құрылымдарымен өзара іс-қимыл жағдайы, қажетті өртке қарсы техникамен және жабдықтармен жарақтандырылуы, штаттың жасақталуы, азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің, жедел-құтқару жасағы құтқарушыларының мәртебесі және әлеуметтік қорғалуы, департамент қызметкерлеріне қатысты тіркелген сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтар туралы айтты.
Балайым Туғанбайқызы ТЖ департаментінің және оның ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының 9 айдағы қызметі туралы ақпаратпен танысқаннан кейін жеке құрамға Президенттің 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын жеткізді.
Департаменттің және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметі туралы қажетті ақпаратты алған Парламент депутаты қызметкерлердің қойған проблемалық сұрақтарына жауап берді. Балайым Туғанбайқызы өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға ізгі тілектер айтты.

Шымкент қаласы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*